Бейсенбі, 10 қаңтар 2013 7:24
Кеше «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында 2012 жылы атқарылған қоғамдық қабылдау қызметінің қорытындысына арналған брифинг болып өтті. Былтыр партияның Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 86 930 адам келіпті. Демек, 2011 жылға қарағанда 7 791 адам көп келген екен.
Бейсенбі, 10 қаңтар 2013 7:24
Кеше «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында 2012 жылы атқарылған қоғамдық қабылдау қызметінің қорытындысына арналған брифинг болып өтті. Былтыр партияның Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 86 930 адам келіпті. Демек, 2011 жылға қарағанда 7 791 адам көп келген екен.
Азаматтар негізінен құқықтық жәрдем, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер мен баспана алуға ықпал ету, жұмысқа орналасу мәселелері жөнінде өтінішпен келетіні анықталып отыр.Мемлекеттік және құзыретті органдарға жіберілген 20 617 өтініштің 16 097-сіне жауап алынды. Оның ішінде 8 007-сі, яғни 50 пайызы шешілді. Ал қалғаны бойынша түсіндіріліп, жөн көрсетілді.Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде барлық деңгейдегі депутаттар 7 148 қабылдау жүргізіп, 18 159 адамды қабылдады. Оның нәтижесі бойынша 16 013 өтініш қаралып, оның 7 202 өтініші оң шешімін тапты.Шалғайдағы елді мекендерде тұратын азаматтардың мәселелерін шешу мақсатында партия филиалдары қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар өкілдері өзара бірлесіп, 1118 көшпелі қабылдаулар өткізді. Оған 10 мыңнан аса адам қатысты.Партия Орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінде мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары есеп беру кезеңінде 347 адамды қабылдап, 127 жазбаша өтінішті қарады.Адвокаттар одағының өкілдері 128 адамға тегін құқықтық кеңес және «Қоғамдық қорғаушы» республикалық қоғамдық бірлестігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелер бойынша 18 адамға заң тұрғысында кәсіби кеңес берді.Орталық аппараттың Қоғамдық қабылдау бөлмесі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2012 жылдың 9 қарашасынан бастаған «Үзіліссіз байланыс» жобасы аясында 4 қабылдау жүргізіп, 20 адамды қабылдады.2012 жылға арналған республикалық желілік іс-шаралар кестесіне орай, партия қоғамдық қабылдау бөлмелері мемлекеттік органдармен бірлесіп, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселесіне қатысты 11 республикалық акция ұйымдастырды. Оған 67 823 адам қатысты.Парламент Мәжілісінің депутаттары – «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшелері «Нұр Отанның» Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келіп, азаматтардың мұң-мұқтажына құлақ асып, мәселелерін шешуге көмек қолдарын созды.
«Егемен-ақпарат».