Тамыз айында орташа ауа температурасы солтүстік-батыс жартысында климаттық норманың жанында, ал оңтүстік-шығыс жартысында нормадан 1°С жоғары болады деп күтілуде.
Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жуық, орталық, оңтүстік, оңтүстік – шығыс және шығыстағы кей жерлерде нормадан аз болады деп болжануда.
Бірінші онкүндіктің ішінде республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, кей жерлерде күшті жаңбыр жауады, сондай-ақ желдің күшеюі күтілeді. Тек республиканың оңтүстігінде ғана күн ашық болады.
Бірінші онкүндіктің ішінде ауа температурасы батыста, солтүстік-батыста 15-25 градус жылы, солтүстікте 17-25 жылы, орталықта 25-33 градус жылы, шығыста 30-38 градус жылы оңтүстікте, ал оңтүстік-шығыста 30-38 градус жылы болады.
Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, айдың екінші және үшінші онкүндігінде жаңбырлы күн ауа температурасының қысқа мерзімді жоғарылауымен ауыстырылады.