Сенбі, 12 қаңтар 2013 7:54
Парламент Мәжілісінің депутаттары Серік Үмбетов, Нұрлан Жазылбеков және Сенат депутаты Нұрлан Сүлейменов аймақтардағы сайлаушылармен жүздесу үшін Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсахановпен бірге Қаскелең қаласындағы Сүлеймен Демирел атындағы университетте болды.
Сенбі, 12 қаңтар 2013 7:54
Парламент Мәжілісінің депутаттары Серік Үмбетов, Нұрлан Жазылбеков және Сенат депутаты Нұрлан Сүлейменов аймақтардағы сайлаушылармен жүздесу үшін Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсахановпен бірге Қаскелең қаласындағы Сүлеймен Демирел атындағы университетте болды.
Депутаттар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы туралы тарихи Жолдауының негізгі бағыттарын халыққа түсіндіру және насихаттау барысында аймақтарға аттанған болатын. Осы мақсатта олар университеттің оқытушы-профессорлар құрамымен жүздесті.Сондай-ақ, депутаттар Қаскелеңдегі 2012 жылы пайдалануға берілген орта мектепте болып, ұстаздар ұжымымен кездесуде орта білім беруді дамыту мәселесін талқылады.
* * *Парламент Мәжілісінің депутаттары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы туралы тарихи Жолдауының негізгі бағыттарын халыққа түсіндіру және насихаттау барысында аймақтарға аттанған болатын.Аталған мақсатпен Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев Ақмола облысының Шортанды ауданындағы Научный ауылында болып, А.Бараев атындағы ғылыми-зерттеу институтының ұжымымен кездесу өткізді.Сондай-ақ, депутат сол күні аудан орталығы – Шортандыда аудандық мәслихат депутаттарымен және сайлаушылармен жүздесіп, Елбасы Жолдауындағы жергілікті өзін өзі басқару мен жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты мемлекеттік бағдарламалардың қалай жүзеге асырылып жатқандығы жайындағы ойларымен бөлісті.
* * *Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын өңірлерде насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында Парламент Мәжілісінің депутаттары Ұ.Сәдібеков, О.Өксікбаев, Қ.Жабағиев, Т.Асанов, О.Асанғазы, С.Сорокин Жамбыл облысындағы жұмыс сапарларын бастады.Мәжілісмендер әуелі Тараз қаласының тұрғындарымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында еліміздің осы жылға дейінгі жеткен жетістіктері нақты мәліметтер арқылы баяндалып, Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы бойынша алға қойған міндеттері төңірегінде баяндамалар жасалды. Мәжілісмендер түрлі сұрақтар бойынша нақты жауаптар беріп, кездесуге қатысушылар Елбасы бастамасын үлкен ықыласпен қолдайтындықтарын мәлімдеді.Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары Тараз қаласындағы Керімбай атындағы №12 орта мектеп базасында қала тұрғындарымен кездесу өткізіп, Елбасы Жолдауы бойынша түсіндіру, насихат жұмыстарын жүргізді.Кездесуден соң мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында салынған «Ер төстік» балалар бақшасымен және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеуден өткен «Самал» шағын ауданындағы №11 үйдегі жұмыс нәтижелерімен танысып, тұрғындармен әңгімелесті.
* * *Парламент Мәжілісінің депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Жамбыл Ахметбеков Маңғыстау облысына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы туралы тарихи Жолдауының негізгі бағыттарын халыққа түсіндіру және насихаттау мақсатымен барды.Жамбыл Ахметбеков өз сапарын ҚХКП облыстық комитеті активімен кездесуден бастады.Ол жиналғандарға «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының жұмысы және өзінің Парламент Мәжілісі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамындағы жұмысы жөнінде айтып берді.– Өткен жыл ішінде біздер 91 заң жобасын қарастырдық, олардың 76-сы Сенатқа жолданды. Партиямыздан сайланған депутаттар Мәжілістің барлық жеті комитетінде қызмет атқарады, – деп Жамбыл Әужанұлы әңгімесін жалғастырды.Кездесу маңғыстаулық халық коммунистерімен сұхбатқа ұласты.