Соңғы жылдары екі ел арасындағы экономикалық өзара іс-қимыл айтарлықтай жанданды. Бұған Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымының тұрақты өсуі дәлел. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«2018 жылы сыртқы сауда айналымы 2 млрд. АҚШ долларын құрады, ал ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында тауар айналымы 1,3 млрд. АҚШ долларын құрады, осылайша, біз екі елдің арасындағы сауда қатынастарының өскенін көріп отырмыз, бүгінгі шара екі елдің іскер топтары арасындағы сауда қарым-қатынастарын дамытуға өз үлесін қосатынына сенімдімін», деп хабарлады ҚР ИИДМ жауапты хатшысы Мереке Пішембаев.
Оның мәліметінше, Қазақстан Түркияға ауыл шаруашылығы, ет өнімдері, металл және металл бұйымдарын, химия өнеркәсібі өнімдерін, машиналар мен жабдықтарды, дәрілік заттар, азық-түлік өнімдері және т. б. сияқты аса перспективалы 47 тауар позициясы бойынша тауар жеткізуді жүзеге асыруға дайын.
«Біздің елдеріміз арасында инвестициялық ынтымақтастық белсенді түрде дамуда, соңғы 14 жылда түрік инвесторларының Қазақстан экономикасына құйған инвестициясы шамамен 3 млрд. АҚШ долларына жетті, түрік экономикасына құйылған қазақстандық инвестициялар 1 млрд. АҚШ долларын құрады. Біздің елдеріміздің экспорттық әлеуетін барынша пайдалана отырып, бұл оң үрдісті қолдау қажет. Бұл бағытта ынтымақтастықты дамыту үшін бар жағдай жасалған», деп атап өтті Мереке Пішембаев.
Жауапты хатшы қойылған міндеттерді іске асыру үшін барлық қажетті базасы, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың барлық қажетті тетіктері құрылғанын атап өтті.
«Біріншіден, кең ауқымды мәселелер бойынша өзара іс-қимылды нығайтудың маңызды құралы - сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-түрік үкіметаралық комиссиясы болып табылады. Екіншіден, бауырлас елдер арасындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға біздің мемлекет басшыларының қамқорлығымен жүзеге асырылатын «Жаңа Синергия» бағдарламасын іске асыру ерекше серпін берді», деп атап өтті жауапты хатшы.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 1300-ден астам бірлескен кәсіпорын белсенді жұмыс істеуде.
«Сонымен қатар біз Қазақстанның инфрақұрылымын дамытудағы Түркияның рөлін жоғары бағалаймыз. Түрік компаниялары біздің елордамыздың құрылысына белсенді қатысты, Хан Шатыр, Ұлттық мұражай, жаңа теміржол вокзалы сияқты жалпы сомасы 23 млрд. АҚШ долларын құрайтын ірі маңызды жобаларды іске асырды. Түрік компанияларының көмегімен Қазақстанда 800 шақырымнан астам автожол қайта жаңартылып, 100 километр қайта жаңартылуда», деді Мереке Пішембаев.
Бүгінгі таңда түрік компанияларының қатысуымен 1,3 млрд. АҚШ долларын құрайтын Үлкен Алматы айналма көлік жолының (ҮААКЖ) құрылысы бойынша ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда.
«Сонымен қатар, Түркістан облысында инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бойынша YDA-Holding компаниясының жүргізіп отырған жұмысын атап өткім келеді. Үшіншіден, Қазақстан аумағы арқылы Түркияға жүктерді тиімді тасымалдау үшін барлық қажетті инфрақұрылым құрылды. Баку-Тбилиси-Карс темір жол желісін жеке іске қосу, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік маршрутын іске асыру елдер арасындағы тасымалдарды және транзиттік тасымалдарды едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Бұл қатынастардың шегі емес деп есептеймін, болашақта ҚХР-Қазақстан-Түркия бағыты бойынша тасымалдарды бірнеше есеге арттыра аламыз»,-деп қорытты министрліктің жауапты хатшысы.