Қазақстан ұлттық құрамасы Санкт-Петербург қаласында өткен IEO 2019 оқушылар арасындағы халықаралық олимпиадасында екі қола медаль жеңіп алды.
IEO 2019 үш кезеңінің нәтижелері бойынша жеке және командалық сынақтарда жеңімпаздар анықталды. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына қарағандылық Айғаным Дәупбаева мен елордалық Еркежан Балташева жеке есепте екі қола медаль әкелді. Жиналған ұпай саны бойынша жеке есепте абсолютті жеңімпаз болып Қытайдан келген Эндрю Пей атанды. Екінші орында Бразилиялық Гильермо Кутрим Коста, үшінші орында Жаңа Зеландиядан келген Максимилиан Сурвейор.
Жарысқа 24 елден 29 команда қатысты. Олимпиаданың барлық жеңімпаздары 2020 жылы НИУ ВШЭ экономикалық бағдарламасына оқуға түсу мүмкіндігіне ие болды.
Айта кету керек, қазақстандық ұлттық кезеңдер екінші жыл қатарынан «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Үздіксіз кәсіби даму Бюросы алаңында өткізіледі. AIFC Finance Olympiad жеңімпаздары IEO халықаралық кезеңінде елді таныстыруға мүмкіндік алады.
Экономика бойынша халықаралық олимпиада 2018 жылы Мәскеуде алғаш рет өткізілді. Қазақстан 2020-шы жылы жарысты Нұр-Сұлтан қаласында АХҚО Бюросы алаңында қабылдайды.