• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2013

Жастар жауапкершілігі жоғары

393 рет
көрсетілді

Жастар жауапкершілігі жоғары

Сәрсенбі, 16 қаңтар 2013 7:35

Солтүстікқазақстандық жастар да Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемле­кет­тің жаңа саяси бағыты» Жолдауын үлкен құлшы­ныс­пен қарсы алып, белгіленген талаптарды жүзеге асыруға лайықты үлес қосуды серт етіп отыр. Бүгінде Қызылжар өңірінде 57-ге жуық жастар ұйымы жұмыс істеп, қоғамдық-саяси істерге, жастар саясатын жүзеге асыруға белсенді атсалысып келеді. Олар жастар өміріне қатысты іс-шаралардан шет қалған емес. «Дипломмен – ауылға!», «Жастар практикасы», «Жастардың кадр­лық резерві» секілді бағдарламалар үлкен қолдауға ие. Биыл 700-ден астам жас өндіріс орындарында тәжірибеден өтті. 1200 жас еңбек биржаларында еңбек етті. 500-дей жас маман ауылдарға орналасты.

Сәрсенбі, 16 қаңтар 2013 7:35

Солтүстікқазақстандық жастар да Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемле­кет­тің жаңа саяси бағыты» Жолдауын үлкен құлшы­ныс­пен қарсы алып, белгіленген талаптарды жүзеге асыруға лайықты үлес қосуды серт етіп отыр. Бүгінде Қызылжар өңірінде 57-ге жуық жастар ұйымы жұмыс істеп, қоғамдық-саяси істерге, жастар саясатын жүзеге асыруға белсенді атсалысып келеді. Олар жастар өміріне қатысты іс-шаралардан шет қалған емес. «Дипломмен – ауылға!», «Жастар практикасы», «Жастардың кадр­лық резерві» секілді бағдарламалар үлкен қолдауға ие. Биыл 700-ден астам жас өндіріс орындарында тәжірибеден өтті. 1200 жас еңбек биржаларында еңбек етті. 500-дей жас маман ауылдарға орналасты. 170 жас «Жасыл ел» бағдарламасына тартылды.

Осындай өмірлік маңызды шаралардың басы-қасынан «Жас Отан» жастар қанаты жергілікті филиалын жиі көруге болады. Оның ұйымдастыруымен және жас кәсіпкерлердің, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, түрлі бірлестіктер мүшелерінің қатысуымен өткен жиында еліміздің жаңа саяси бағытын белгілеп берген стратегиялық құжат жан-жақты талқыланып, жас буынның рөлі мен орны айқындалды.

Басқосуды филиалдың атқарушы хатшысы Самат Жәке­нов кіріспе сөзбен ашып, Президент кезекті Жолдауында кейінгі толқын жастарға сөз арнап, барлық жақсылық атаулы солар үшін жасалып жатқанын атап өтті. Біз сияқты Қазақ елінің перзенттеріне үлкен сенім артып, азат ойларымыз бен кемел білімдерімізді тың мақсаттарға жұмсауға арнауға шақырды, дей келіп, биік межелер үдесінен көрінуге барлық күш-жігерді жұмсайтындарына сенім білдірді.

Жарыссөзге шыққандар Жолдауда айтылған басты мін­дет­тер төңірегінде ой қозғап, түсіндіру жұмыстарына бар­лық қоғамдық ұйымдармен бірлесе атсалысу қажеттігін атап көрсетті.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.