• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2013

Келешекке шақырған кемел Жолдау

326 рет
көрсетілді

Келешекке шақырған кемел Жолдау

Бейсенбі, 17 қаңтар 2013 7:39

Кез келген мемлекеттің дамуы үшін, барша адамзат үшін энер­­­гетикалық ресурстардың маңызы зор екені даусыз. Қазіргі кезде Қа­­­зақстанның мұнай-газ кешені күллі экономиканың қозғаушы күші болып табылады және басқа салалар­­­дың да жан-жақты дамуына ықпа­­­лын тигізеді. Елдің Ішкі жалпы өні­мінің мөлшерін саралай қара­­ған­да, мұнай-газ саласы үле­сінің тұрақты өсу қарқыны бай­қалады, ол 1997 жылғы 3,7 пайыздан 2006 жылы 14,7 пайызға және 2011 жылы 25,8 пайызға көтерілді. Мұның өзі біздің еліміздің табысты ілгерілеуінің көрсеткіштері.

Бейсенбі, 17 қаңтар 2013 7:39

Кез келген мемлекеттің дамуы үшін, барша адамзат үшін энер­­­гетикалық ресурстардың маңызы зор екені даусыз. Қазіргі кезде Қа­­­зақстанның мұнай-газ кешені күллі экономиканың қозғаушы күші болып табылады және басқа салалар­­­дың да жан-жақты дамуына ықпа­­­лын тигізеді. Елдің Ішкі жалпы өні­мінің мөлшерін саралай қара­­ған­да, мұнай-газ саласы үле­сінің тұрақты өсу қарқыны бай­қалады, ол 1997 жылғы 3,7 пайыздан 2006 жылы 14,7 пайызға және 2011 жылы 25,8 пайызға көтерілді. Мұның өзі біздің еліміздің табысты ілгерілеуінің көрсеткіштері. Мұнай мен газдың әлемдік дең­гейдегі аса ірі қорлары бар біздің еліміз өзінің энергетикалық сала­дағы сенімді стратегиялық әріп­тес­тік пен өзара пайдалы халық­аралық ынтымақ­тас­тық саясатынан айнымайды. Өйт­кені, Қазақ­стан жаһандық энер­гетикалық қа­уіпсіздікті нығай­­туға қомақты үлес қосып келе жат­­қан жаңа си­паттағы табысты мем­лекеттердің бірі болып саналады.

Біздің елімізде қазіргі заман­дағы экономиканың өркендеген саласы ретінде тиімді мұнай-газ және тау-кен саласындағы шикі­заттарды өндіруді өркендетуді қол­ға алдық. Бұл салада айрықша табыстарға қол жеткізген еліміз бүгінде шикізат секторының табысын болашақ экономиканы құру үшін пайдалануда. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда мұнай өндіру – 3 есе, табиғи газ өндіру 5 есе ұлғайды. Біз шикізат ресурстарынан түскен кірісті Ұлттық қорға жіберу арқылы дағдарысқа қарсы ауқымды шараларды қолға алдық.

Мемлекет басшысы өткен жылғы желтоқсан айындағы Жолдауында болашаққа батыл болжам жасай отырып, ХХІ ғасырдағы жаһандық сын-қатерлерді еске салды. Жолдауда айтылғандай, адамзат алдында тұрған қауіп-қатерлердің қай-қайсысы да осал емес. Дегенмен, солардың ішінде аса қауіпті қатерлердің бірі – та­би­ғи ресурстардың сарқылуы. Туған жеріміздегі табиғи ресурстарының шектеулі екендігі, ол таусылған жағдайда тек бізге ғана емес, бүкіл адамзатқа зор қауіп төнетіні айдан анық. Жер қойнауындағы табиғи байлықтардың азаюы әр бағытта, жағымды да, жағымсыз да үдерістердің пайда болуына әке­­­ліп соғатыны даусыз. Бұл тұр­ғыда біздің еліміз бірқатар артық­­­шылықтарға ие екені жасырын емес. Біздің еліміздің аумағында кездесетін мол табиғи байлықты өзіміз ғана пайдаланып қоймай, өзгелерге де ұсына отырып, бізге қажетті тауарлар мен қызметтерге қол жеткізуіміз керек, ол үшін ең алдымен қазіргі замандағы технологияларды игеріп, пайдалануымыз керек болады.

Сондықтан, біздің еліміздің аумағындағы табиғи байлықтары туралы ойларымызды екшей ке­ліп, оны пайдаланудың тиімді жолдарын қарастырудың маңызы зор. Пай­далы қазбаларды шикізат кү­­йінде де, өңделген өнім ретінде де сатып, халық қазынасын молайтумен бір­­­ге, оларды дұрыс басқа­ру­­­­­ды, ең бас­тысы, еліміздің таби­ғи бай­лы­ғын орнықты экономи­калық өсуге ба­ғыттауды меңгеруі­міз керек.

Қазақстан қазіргі кездегі елі­мізде өндірілетін шикізаттарды өт­­­­­­кізу нарықтарын әртараптан­дыр­­ды, бүгінде әлемдік нарықта өзімізге қолайлы позицияларға ор­нықтық, осылайша өндірілетін өнімдерді өткізудің бір бағытқа тәуелді болуынан алшақтадық. Алайда, біз қалайық-қаламайық, көмірсутегіне негізделген эконо­микалық дәуір бірте-бірте аяқта­лып келеді. Алдағы жылдарда адам­заттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес, энер­гияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа сатыға көшеді. Қазіргі кездегі болжамдарға сәй­­­­кес, 2050 жылға қарай оларды қол­­­дану барлық тұтынылатын энер­гия­­­ның 50 пайызына дейін жетеді.

Қазіргі Қазақстан индустрия­­­лық өркендеудің даңғыл жолында тұр. Бұл өндіріс пен өнеркәсіпті жедел дамыту туралы ойларымызды нақтылай түседі. Күн санап қарқын ала түскен технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертетіні даусыз. Біз өткен жылдармен салыстырғанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүруге дағдылана бас­та­­дық. Біздің алдымызда цифрлық және нанотехнология, регенера­тив­тік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер иге­рілген сипаты бар жарқын бола­­шақ тұр, ол қоршаған ортаны ғана емес, адамзат қоғамын да өзгер­туге өлшеусіз үлес қосуда. Дегенмен, біз осынау жаңа сипаттағы үдерістерге тосырқай қарамай, оның белсенді қатысушылары болуға тиіс екеніміз анық.

Бүгінгі адамзат қоғамы өркен­деген сайын энергия өндірудің мүмкіндіктері де кеңейе түсуде. Сондықтан, барлық дамыған елдер баламалы және «жасыл» энер­гетикалық технологияларға инвес­тицияны ұлғайтып, қуат өндіру­дегі тың бастамаларға қарқынды жол ашуда. Игі жаңалықтардан біздің еліміз де құралақан емес. Біздің еліміздегі ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының ғылыми лабораторияларында ашылған жаңалықтар­ды өндіріске енгізу көзделуде. Ға­­лымдар мен ізденімпаз жастар қуат пен жарықты үнемдеу, жел және күн энергиясын пайдалану­дың бірнеше нұсқаларын жыл са­йынғы көрмелерге ұсынып ке­леді. Мұның бәрі – ел дәулетін арт­ты­руға, халық қазынасын мо­лайтуға арналған қадамдар. Жалпы, соңғы кездегі экономикалық көрсеткіш­терге қарағанда, елдің Ішкі жалпы өнімі 16 еседен астам өсті. 1999 жылдан бастап Қазақ­станның Ішкі жалпы өнімінің жыл сайынғы өсуі 7,6 пайызды құрап, алдыңғы қатарлы елдерді басып озды.

Жан басына шаққанда Ішкі жал­пы өнімі 1998 жылғы 1500 дол­лардан 2012 жылы 12 мың дол­ларға жетіп, 7 еседен астам өсті. Қазақстан тікелей шетелдік инвес­тициялардың көлемі жағынан жан басына шаққанда тартылған ТМД-да көшбасшы болды. Бүгін бұл 9200 АҚШ долларына жетті. Қар­қынды даму барысында сыртқы сауда айналымы – 12 есе, өнер­­кә­сіп өнімін өндіру көлемі 20 есе өсті. Мемлекет дамуындағы бұл көрсеткіштер ықтимал экономика­лық және қаржылық дағдарыс­тардан қорғайтын сенімді қорған болып табылады. Ол бүгінгі және болашақ ұрпақ қауіпсіздігінің кепілі болатыны даусыз.

Біздің елімізде Үдемелі индус­трияландыру бағдарламасы аясында 2010 жылдан бастап жалпы құны 1 797 миллиард теңге болатын 397 инвестициялық жоба іске асырылды, 44 мыңнан астам жұ­мыс орны ашылды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы іске асырылған екі жыл ішінде жалпы көлемі 101,2 миллиард тең­ге сомасындағы кредит болатын 225 жоба мақұлданды. Ел эконо­микасының әр саласындағы сер­пін­­ді жобалар өнім өндірудегі шығынды азайтуға, астықтың мол қорын жинауға, мал тұқымын асылдандыруға, отандық машина жасауға, халықты жылумен және таза ауыз сумен қамтамасыз етуге, мектептер мен ауруханалар және балалар бақшаларын салуға, ден­саулық сақтауға және саламатты өмір салтына шақыруға арналды.

Біздің еліміз қазіргі кезде хал­қының табысы орташа деңгейдегі және серпінді дамитын экономикасы бар мемлекетке айналды. Енді бүгінгі күннің міндеті – ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкер­лерді орта деңгейге көшіру үшін жағдай және алғышарттар қалып­тастыру болып табылады. Өкініш­ке қарай, қазіргі уақытта шағын және орта бизнеске салық салу жүйесінде олқылықтар орын алып, олардың дамуы мен өсуіне кедергі келтіріп отырғаны белгілі. Біздің елімізде шағын және орта іскерлік мекемелерге түсетін сал­­мақты ауырлатпау қажет екені айқындалып отыр. Оны үйлестіру үшін Елбасы 2013 жылдың соңы­­на дейін заң­­­­намаға микро, шағын, орта және ірі бизнес ұғымдарын айқын жіктеуге бағытталған өзге­рістер енгізу туралы Үкіметке тапсырма берді.

Сондай-ақ елімізде кейбір қыз­мет көрсетулер мен өнім өндіруге ретті-ретсіз рұқсат берулер мен лицензиялау тәртіптері орын алған болатын. Елбасының Жолдауында Қазақстан азаматтарының өмір тір­­­шілігінің қауіпсіздігіне тікелей ық­­пал етпейтін барлық рұқсаттар мен лицензияларды 2013 жылдың бі­рін­­ші жартыжылдығының со­ңына дейін қайтарып алып, оларды хабарландырумен ауыстыруға тапсырма берілді. Бұл тұрғыда парла­ментшілерге де қарқынды жұмыс істеуге тура келеді. Бизнеске ұсы­­­на­тын тауар, жұмыс және қызмет сапасын бақылау мәселе­лерін өзі реттейтін жағдай тудыру мәселесі заңнамалық негізде рет­телуі керек.

Елімізде кәсіпкерлікті өркенде­ту үшін қажетті жағдайларды өр­іс­тету керек екені ақиқат. Олардың қатарында мемлекеттік-жекемен­шік әріптестігі қағидатына негіз­делген сенімді сұхбат құру үшін бизнесті топтастыруды жалғас­тыру қажет болады. Осы жаңа стратегияны жүзеге асыруда ауқым­ды істер атқарылды және оған барлық кәсіпкерлерді тарту міндеті іске асырылатын болады.

Халықаралық тәжірибені талдау көрсеткендей, біздің елімізде де кәсіпкерлердің палаталарға топ­тасуы – экономиканың тиімді­лігінің маңызды факторының бірі, осылай істелген жерлерде «мықты бизнес – мықты мемлекет» қағи­­дасы жүзеге асқанына куә болдық. Осы мақсат үшін Үкімет «Атамекен» одағымен бірлесе отырып, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына міндетті мүшеліктің тұжы­рым­дамалық моделін әзірлеген болатын. Бұл үлгі кәсіби-техникалық білім, әсіресе, ауылдық жерлер мен моноқалалардағы шағын биз­несті кешенді түрде сервистік қол­дауды, сыртқы экономикалық қыз­мет салаларында мемлекеттік ор­ган­дар­­­­дың өкілеттіктері мен мін­деттерін енді құрылатын Кә­сіп­керлердің ұлттық палатасына бе­руді қам­тамасыз етеді. Кәсіп­кер­лердің ұлт­тық палатасы Үкіметтің сенімді және білікті серіктесіне ай­налады. Осыған байланысты Мем­лекет басшысы Үкіметке тиіс­ті заң жобасын әзірлеуді және оны Парламентке биылғы жылдың бі­рінші тоқсанында енгізуді тапсырды.

Біздің мемлекетіміз адамзат қоғамын жетілдіру үшін ауқымды қадамдарды іске асырып келеді. Өркениетті ілгерілету үшін қоз­ғалт­қыш күштердің бірі болып табылатын кәсіпкерлікті де жетіл­ді­ру керек болады. Бұл тұрғыда мем­лекет өзінің қалыптасқан рө­лін өзгертуге тура келуі мүмкін. Бізге кең ауқымды жекеше­ленді­рудің екінші толқыны қажет болатын күндер келетіні болжанып отыр. Бұл енді оңай жұмыс болмасы анық. Өйткені, ол мемлекет пен нарық арасындағы жауап­кер­шілікті қайта бөлісуді білдіре­ді. Бірақ бізге экономикалық өсім­нің жоғары қарқынын сақтау үшін осы қадамға баруға тура келеді.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қашан да жеке бизнес барлық жерде мемлекеттен гөрі тиімді әрекет ететіні даусыз. Сон­дықтан біз стратегиялық емес си­паттағы кәсіпорындар мен қыз­мет­терді жеке қолға беруге тиіс­піз. Отандық кәсіпкерлікті нығай­ту үшін осындай аса маңызды шара қолға алынуы қажет. Осы жолдағы алғашқы қадамның бірі – біздің елімізде «Халықтық ІРО» бағдарламасы сәтті басталды деуге болады. Ұлттық байлықтың ха­лықтың қолына таратылып берілуі барша қазақстандықтардың ортақ қазынаға ие болуымен қатар, өркениетті нарықтық қатынас­тар­дың белсенді мүшесіне айналғ­а­нын білдіреді. Таяуда ғана «Қаз­ТрансОйл» компаниясының 28 мил­лиард теңгеге акциясының шығарылғаны туралы жақсы хабар жұртшылыққа жария болды.

Елбасының өткен жылғы жел­тоқсан айындағы халыққа Жолдауы тек мемлекеттік стратегиялық құжат қана емес, барша қазақ­стан­дықтарға арналған аса маңызды бағдарлама болып табылады. Жолдауда келешектегі қазақстандық­тар үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы болатынына сенім артқан Мемлекет басшысы алдағы қырық жылға жуық уақытқа батыл болжамын, маңыз­ды бағдарламасын паш етті. Бо­ла­­­­шақ ұрпақтың жаңа білім мең­­­­­­­ге­­руге құштар, өз елінің патриоттары болуы тиіс екенін айта келіп, ең­­бексүйгіштік мәселесіне айрық­ша тоқталды. Бұл бүгінгі барша қазақ­­стандықтарға да маңызы зор ортақ қасиет екені анық, келешекте де осы қалыптан айнымау ке­­ректігі, отаншылдық пен еңбек­­қор­лықты үлгі тұту керектігі нақтыланды.

Алдағы күндерге көз жіберсек, 2050 жылғы Қазақстан – жалпыға ортақ еңбек қоғамы болып табылады. Онда барлығы да адам және оның игілігі үшін жасалады, экономикасы дамыған мықты мемлекет берік орнығады. Білім беру саласы да, денсаулық сақтау саласы да дамыған елде бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрады, қоғамдағы азаматтардың еркіндігі мен тең құқықтары мызғымас ақиқатқа айналады. Барша қазақстандықтардың күш-жігері осы мақсатқа жұмсалуы тиіс. Елбасы осыған шақырады.

Қайрат ИЩАНОВ,

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар