2019 жылы 1 тамызда Алакөл көліне «Көктем Гранд» қонақ үйі бассейнінің құбырынан лайлы суды ағызу фактісі бойынша, «Казгидромет»-тің Алматы облысы бойынша филиалының қызметкерлері сол күні Алакөлге жедел түрде шыққан еді. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.
Мамандар жоспардан тыс көлдің 5 нүктесінде су сынамасын тексерді.
Зертханалық талдау су сапасының 45 физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша жүргізілген, соның ішінде басты иондар, биогенді, органикалық заттар және ауыр металдар бар.
3-4 тамызда алынған нәтижелер бойынша су сынамаларында хлоридтер (3,8 есе), магний (3,3 есе), миинерализация (3,2 есе) және фторидтер (3,6 есе) жоғары көрсеткіште болған.
Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желілерде Алакөлге құбыр арқылы лас судың қосылып жатқаны туралы бейнежазба таралып еді. Мәлім болғандай, көл арнасына құйылған су жағажайдағы «Көктем Гранд» демалыс орынының бассейнінен аққандығы анықталды.