• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Тамыз, 2019

Полиция қызметкерлеріне үй беріледі

701 рет
көрсетілді

ҚР ІІМ Ақмола облысының полиция департаменті  Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен өзара Меморандумға қол қойды. Келісім аясында  келесі жылы полиция қызметкерлері 9 қабатты  90 пәтерлі үйдің иесі атанбақ. Сонымен қатар, ішкі істер саласы қызметкерлеріне  бірқатар жеңілдіктер қарастырылып,  тұрғын үй мәселесін шешудің тиімді тәсілі ұсынылып отыр. 

 

Полиция департаменті басшылығының айтуынша, полицейдің жұмыс кестесі тұрақсыз. Сол себепті, жұмыс уақытында басқа да әлеуметтік мәселелерге  алаңдамас үшін басшылық тарапынан осындай қолдау жасауды ұйғарған. 

–90 пәтерлі үйдің кірпіші қалануда.  Тұрғын үй жинақ банкі салымшылары үшін тиімді мүмкіндік туып отыр. Бізге жүктелген тапсырмалардың бірі ол қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету болатын. Осы бағытты іске асыру мақсатында бүгін меморандумға қол қайылды. Бүгінде қызметкерлер арасында 255 салымшы бар. Олардың ішінен іріктеліп келесі жылы кәсіби  мерекеміз қарсаңында 90 жанұя баспаналы болады,–дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Виктор Букреев.   

9 қабатты үйдің құрылысы  ағымдағы жылдың мамыр  айынан  басталған. Жоспар бойынша келесі жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Полиция қызметкерлері  үшін баспаналы болудың жаңаша жеңілдіктері жасалып отыр.

–Бұл біздің банк салымшылары үшін өте тиімді келісім болып отыр. Себебі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің  жұмысы өте жауапты қызмет. Салымшылар бұрынғыдай кезекте тұрып уақыт кетірмейді. Бұл ел көлемінде жасалған алғашқы келісім.Барлығы жақсы орындалса алдағы уақытта полиция қызметкерлерін баспанамен қамтуды жалғастыратын жоспар бар,–дейді облыстық  тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің директоры Алмат Нұрахметов.      

Бұл полиция қызметкерлері мен  тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арасында алғаш рет жасалып отырған келісім. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жұмыс берушілерге  өз қызметкерлірінің тұрғын үй мәселелерін  шешуге жәрдемдесіп отыр. Аталған әлеуметтік бағдарлама аясында алдағы уақытта полиция қызметкерлерін 100 пайыз баспанамен қамту  жоспарлануда.