• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Медицина 07 Тамыз, 2019

Алматыда дәрігерлер базар қызметкерлері мен келушілерді қарады

287 рет
көрсетілді

Алматының Жетісу ауданындағы үш базарда дәрігерлер 3 күн бойы қызметкерлер мен келушілерді кешенді алдын алу шараларынан өткізді. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша 1-3 тамыз аралығында «Байсат», «Сәлем» және «Алатау-1» базарларында 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында мұндағы қызметкерлер мен келушілер кешенді медициналық алдын алу шараларынан өтті.

Медициналық профилактикалық қабылдауларға Жетісу ауданындағы медұйымдар №11, №21 емханалар, «Құлагер» алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы, №5 емхана, Алматы қалалық ФЗОЖ орталығының, СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының, Тері-венерология орталығының, Алматы онкология орталығының мамандары қатысты.

«Тұратын жерлеріне қарамастан біз келушілердің барлығын қабылдадық. Базарларда жұмыс жасайтын көрші мемлекеттер азаматтары да дәрігерлерден кеңес алып, медициналық бақылаудан өтті. Тіпті кейбіреулері өздерінің қан қысымын білмеген, байқау барысында 21 адамның гипертонияға ұшырағаны анықталды. Олардың тоғызын дәрігерлер жедел қарап, қан қысымдарын ретке келтірді. Стационарлы цифрлы пост жұмыс істеді, сол арқылы адамдар қай емханаға тіркелгендерін білді», деді қалалық №111 емхананың терапевт бөлімінің меңгерушісі Назым Күшікбаева.

1 - 3 тамыз аралығында Байсат», «Сәлем» және «Алатау-1» базарларының 425 қызметкерлері медбайқаудан өтті және мамандардан кеңес алды.

«Шетсіз қала» акциясы аясында медиктер 5 тамызда «Көкмайса» ықшам ауданы тұрғындарын кешенді медициналық бақылаудан өткізді.