• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2013

Күллі адамзат көз тіккен кездесу

320 рет
көрсетілді

Күллі адамзат көз тіккен кездесу

Жұма, 1 наурыз 2013 7:57

Иранның ядролық бағдарла­ма­сына қатысты жиынның қазақ жерінде, Алматы қаласында өтуі­нің өзін халықаралық дип­ло­матиялық салада еліміздің қол жеткізген тағы бір табысы­ деп айтуға әбден болады. Бұдан 9 ай бұрын Мәскеуде өткен жиын­нан кейін бұл тақырып әлем­дік деңгейде қозғалмаған еді. Халықаралық жағдай өте шие­ленісіп тұрған тұста «Иран мә­се­лесіне» әлем назарын аударта білу – бұл да біздің ұстанған саясатымыздың биік деңгейін аңдатса керек.

 

Жұма, 1 наурыз 2013 7:57

Иранның ядролық бағдарла­ма­сына қатысты жиынның қазақ жерінде, Алматы қаласында өтуі­нің өзін халықаралық дип­ло­матиялық салада еліміздің қол жеткізген тағы бір табысы­ деп айтуға әбден болады. Бұдан 9 ай бұрын Мәскеуде өткен жиын­нан кейін бұл тақырып әлем­дік деңгейде қозғалмаған еді. Халықаралық жағдай өте шие­ленісіп тұрған тұста «Иран мә­се­лесіне» әлем назарын аударта білу – бұл да біздің ұстанған саясатымыздың биік деңгейін аңдатса керек.

Шетелдік сарапшылар­ Си­рия­дан кейін осы Иран Ислам Республикасын үлкен қақтығыстар күтіп тұр деп болжап отыр. Өйткені, мұсылман елдері мен Америка Құрама Штаттары бас­таған Батыс елдерінің саясат­кер­лері арасындағы қарама-қай­шы­лық, қырғи-қабақ қатынас пен саясаттағы қақтығыстар тоқ­тамай тұр. Бұл егер үлкен жан­жалға ұласатын болса, бүкіл әлемге өзінің жағымсыз әсерін тигізіп, оның зардабын барлық елдер тартатын болады. Қалай де­генмен де, Иран – әлемді мұ­най­мен қамтамасыз етуші ірі мемлекет, қуатты елдердің бірі. Сон­дықтан да, Алматыдағы «Иран келіссөздерінің» қайта жаң­ғыруының өзі әлемдік саяси қа­тынастар сахнасындағы үлкен нәтиже.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіп­сіздік Кеңесінің барлық тұрақты мүшелері қатысқан бұл жиында баяғыша бұра тартуға жол берілмей, әр тарап өздерінің пікірлерін бір-біріне тыңдатып, ұсыныстарын өткізе білді. Ядролық бағдарлама мәселесінде белгілі бір келісімге келетіндіктерін дәлелдеді. Осындай жемісті жүздесуге арнайы «өзара тілқатысу алаңын» ұсынған Қазақстан үшін де бұл кездесулер үлкен нәтижелерге жетелейтін жарқын бағыт.

Еуропалық Одақ пен Иран арасындағы тоқтап қалған үдеріске жан бітіп, ілгері дамуға бағыт алып отыр. Наурыз айында ядролық бағдарлама бойынша техникалық сарапшылар жиналып Түркияның Ыстамбұл қаласында бас қоспақ. Осы Иран ядролық бағдарламасының техникалық сипатына қатысты үлкен пікір алмасулар мен талқылаулар болады. Сосын, Алматы қаласында кешегі өткізілген «Иран мәселесінің» бесінші үнқатысуының жалғасы, яғни қорытынды кездесуі өтеді. Осы іс-қимылдың өзі қазақ жерінде өткізілген келіссөздердің жан-жақты қолдауға ие болғандығын, тараптардың өзара түсіністікке бет бұрғандығын көрсетіп отыр.

Еуроодаққа мүше елдер, оның ішінде Еуропаның азуын айға білеген ірі мемлекеттері бар, осы Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жаһандық мәселеде бір-бірімен түзу амандаспай жүрген мемлекеттердің бір үстел басына жиналып, өзара сұхбат құруы біздің мемлекетімізге көрсеткен олардың құрметін нақтылайды. Және оны Қазақ еліне үлкен абырой әкелетін нәтижелі қадам деп бағалау керек. Бұл дегеніміз, Қазақстанның әлем алдындағы беделі мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының жемістілігін білдіреді.

Бұйыртса, биылғы сәуір айында бас қосатын «Иран келіссөздерінің» екінші кездесуінде елімізбен бірге күллі әлемге игілігі тиетін ілгері басулар болады деп сенім артамыз. Бұл оқиғаларға қазір барша адамзат алаңдай көз тігіп отыр.

Камал БҰРХАНОВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты.