• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Тамыз, 2019

Дәрігерлер тапшылығы мәселесін медициналық ЖОО шешуге көмектеседі

607 рет
көрсетілді

Қоғамдық денсаулық басқармасы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Басты міндет – қажетті медициналық мамандарды даярлау. «Бүгінде Алматыдағы медициналық мекемелерде 300-ден астам дәрігер-педиатр, учаскелік терапевтер, жалпы практика және сәулелік диагностика дәрігерлері, анестезиолог-реаниматологтар, клиникалық фармацевттер, офтальмологтар, реабилитологтар, онкологтар, психиатрлар, акушер-гинекологтар және басқалары жетіспейді»,  деп мәлімдеді Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев.

Жалпы, бірінші жартыжылдықта қаланың медициналық мекемелеріне 817 дәрігер, мыңнан астам орта медициналық қызметкер келді.

Ағымдағы жылы Алматыда медициналық ЖОО-ның 308 түлегі мен медициналық колледждердің 200 түлегі бөлінді.

АЛМАТЫ