• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Тамыз, 2019

Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатынан 10 медаль жеңіп алды

212 рет
көрсетілді

Кувейтте 2005-2006 жылы туған кіші жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Турнир нәтижесі бойынша қазақстандық боксшылар 10 медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

67 келідегі Батырхан Сейтенов пен +70 келідегі Ердос Шәріпбек Азия чемпионы атанды. Ал 61 келідегі Виктор Литвинов күміс медаль еншіледі. 

Азия чемпионатының қола жүлдегерлері тізімі төмендегідей:

Дамир Байпақов, 37 келі Әмір Сейілхан, 40 келі Бахтияр Анарбаев, 43 келі Дархан Нұржігіт Сұлтан Молдаш, 49 келі Жасұлан Абдолла, 55 келі Жандос Ерсұлтанов, 64 келі

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан екінші орын иеленді.