10 тамыз күні Нұр-Сұлтанда кезекті қалалық #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
#Birge #TazaQazaqstan акциясы барысында аудандарда коммуналдық сенбіліктер өтеді:
«Байқоңыр» ауданы: Алаш базарының артында, сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін;
«Есіл» ауданы: Қ. Мұхамедханов көшесінің 41-үйі ауданындағы рұқсат етілмеген қоқыс орындарындағы үйінділерді шығару, 10:00.
«Алматы» ауданы: Күйгенжар тұрғын үй кешенінде Есіл өзенінің арнасын тазарту жүзеге асады, рұқсат етілмеген жағажай аймағы, 10:00.
Айта кетсек, 27 шілдеден бастап елордада #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы өтіп келеді. Өткен сенбіде акция аясында Майбалық көлінің жағасын тазалау жүргізілді.