• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2013

Кәсіпорындардағы көшпелі қабылдау

310 рет
көрсетілді

Кәсіпорындардағы көшпелі қабылдау

Сейсенбі, 2 сәуір 2013 0:43

«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғындар арасында Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру және оның негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында тапсырмасын орындауда өз жұмыстарын жаңаша құрып, жетілдіре түсуде. Соның бір көрінісі ретінде азаматтарды көшпелі қабылдау дәстүрлі жүзеге асырылып келеді.

 

Сейсенбі, 2 сәуір 2013 0:43

«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғындар арасында Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру және оның негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында тапсырмасын орындауда өз жұмыстарын жаңаша құрып, жетілдіре түсуде. Соның бір көрінісі ретінде азаматтарды көшпелі қабылдау дәстүрлі жүзеге асырылып келеді.

«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының қоғамдық қабыл­дау кеңесінің мүшелері еліміз­де­гі 2010-2014 жылдарға арнал­ған үдемелі индустриялық-ин­но­ва­циялық дамудың мемлекеттік бағ­дарламасы бойынша жүзеге асырылатын жобалар мен жұ­мыс істейтін нысандар бойын­ша «Азаматтарды бірыңғай қа­былдау күні» республикалық ак­циясы аясында қаладағы бір­қа­тар кәсіпорындарда болып, жұмысшылармен жүздесті.Көшпелі қоғамдық қабыл­дау­­шылар бірінші болып «Те­ну­са» ЖШС-іне атбасын тіреді. Серіктестіктің полимерлі-ком­позитті материалдар өндіретін зауыты – «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы қол­дауымен жүзеге асырылған жоба. Зауытта жылу, су және газ­ құбырлары, кәрізді қарау құ­дықтары мен олардың қақпақтары шығарылады. Облыста үдемелі индустриялық-инновациялық да­му бағдарламасы аясында жүзеге асырылған бұл жобаның Батыс Қазақстанда теңдесі жоқ деуге болады. Сондықтан да зауыт өніміне сұраныс жоғары, оның түрлерін көбейтуге бағыт ұсталуда.– Зауыт өнімдерінің артық­шылығы сол – мұнда шығарыла­тын құдықтар мен қақпақтар шойыннан құйылатындарға қарағанда, жеңіл және анағұрлым арзан. Өндірістік процесте табиғи құм мен пластик қалдықтар пайдала­нылады. Бұл – елімізде осындай өнім шығаратын алғашқы зауыт, – дейді «Тенуса» ЖШС ди­ректорының орынбасары Жанна Күн­долова.Зауыт жұмысшылары еңбек­ақыларын уақтылы алады. Еңбек етуге толық жағдай жасалған.Партия филиалының қо­ғам­дық қабылдау кеңесінің мүше­лері үдемелі индустриялық-инно­вациялық даму бағдарламасы аясында пайдалануға беріліген «Izet Grenhaus» жылыжай кешенінде және темір-бетон бұйымдарын шығаратын «Мизам» ЖШС-інде болды. Мұнда да негізгі әңгіме өзегі кәсіпорындардың жобалық қуатын игеру, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы төңірегінде өрбіді. Екі кәсіпорында да жо­балық қуатты игерудің толық алғы­шарттары жасалған, жұмыс­шы­ларды әлеуметтік қолдау мәселелері шешімін тапқан.Мысалы, «Мизам» ЖШС-іне қарасты «Нағыз бетон» зауыты жылына 150,0 мың текше метр темір-бетон өндіреді. Қазір мұнда 130 адам еңбек етеді. Зауыт өңірдің сондай-ақ Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының осындай өнімдерге деген сұранысын толық жабады. Болашақта мұнда тұрғын үй құрылысының осы заманғы, тиімді және үнемді технологиясы үшін жылу ұстағыш қабырғалық панельдерін өндіру желісін пайдалануға беру көзделуде.– Мұндай шаралардың қай­та­рымы мол. Өткен жылы өткізілген көшпелі қоғамдық қабылдауларда бірқатар кәсіпорындардың өзекті мәселелерін шешуге ықпал етілді. Сондай-ақ, үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында іске қосылған кәсіпорындардың жобалық қуатында жұмыс істеуіне бақылау жасалады, олардағы әлеуметтік шиеленістің болмауы қадағаланады. Бұл үрдісті биыл да жалғастырудамыз. Бүгінгі шара соның айқын айғағы. Көшпелі қоғамдық қабылдау жоспарлы жүргізіледі, оларға қатысушылар кестеге сай бекітіледі, – дейді «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Амангелді Мектепбаев.Сатыбалды СӘУІРБАЙ,«Егемен Қазақстан».Ақтөбе облысы.