Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті қызметіне Арман Асенов тағайындалды.
Арман Асенов – қазақстандық актер, продюсер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның кинопродюсерлері мен киноөндірушілері гильдиясының төрағасы. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты. Бірқатар мемлекеттік және мерейтой медальдарымен марапатталған.
Ол 1972 жылы 17 сәуірде Германияның Веймар қаласында дүниеге келген.
2017 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінге дейін «Республика алаңы» ЖШС директоры қызметін атқарған.
2014 - 2015 жж. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бірінші вице-президенті болып қызмет еткен.
2010 - 2014 жж. – Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
1995-2002 жж. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында актер, продюсер қызметінде болған.
Айта кетейік, 9 тамызда Бақыт Қайырбеков «Қазақфильм» президенті қызметінен кеткен болатын.