• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2013

Меморандумға қол қойылды

262 рет
көрсетілді

Меморандумға қол қойылды

Жұма, 17 мамыр 2013 2:10

2013 жылғы 16 мамырда Ки­шинев қаласында Қазақстан Рес­публикасы Орталық сай­лау­ комиссиясының төр­аға­сы Қуандық Тұрған­құ­лов пен Молдова Республи­ка­сы­ Орталық сайлау комис­сия­сы­ның төрағасы Юрие­ Чокан Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Ор­та­лық сайлау комиссиясы мен­ Молдова Республикасы  Ор­талық сайлау комиссиясы ара­­сындағы өзара түсіністік ту­ралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою екі елдің сайлау органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолындағы маңызды әрі уақтылы жасалған қадам болып табылады.

«Ынтымақтастық пен әріптестік форматын кеңейту азаматтардың конституциямен бекітілген сайлау және сайлану құқығын неғұрлым тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Азаматтардың сайлау құқықта­рын іске асыру, әртүрлі деңгейдегі сайлауларды ұйымдастыру, өткізу және құқықтық реттеу саласында Молдова мен Қазақстанның сайлау органдары жинақтаған тәжірибе ұлттық сайлау жүйелерін дамыту міндеттерін шешуге ықпалын тигізіп, жалпы демократиялық сайлау процесінің дамуына елеулі әсер етері сөзсіз», деп атап өтті өз сөзінде  Қуандық Тұрғанқұлов.

Сондай-ақ тараптар бұл құжат­қа қол қою сайлау процесі сала­сындағы Қазақстан-Молдова ын­тымақтастығының дамуына жаңа серпін береді деген сенімдерін біл­дірді, өйткені, оның басты ерекшелігі екі елдің сайлау орган­дарының арасында тікелей бай­ла­ныстарға көшу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы.