Арыс қаласында негізгі қалпына келтіру жұмыстары 6977 ЖТҚ және КПТҮ нысандарында аяқталды, оның ішінде 14 үй нөлден бастап күрделі жөндеуден өтті,-деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Арысты қалпына келтіруге барлығы 8,8 мың құрылысшы жұмылдырылған. Бүгінгі таңда бригада 18 білім беру нысанын тапсырды, олар 2 мектеп пен 16 балабақша, сондай-ақ 316 коммерциялық нысандарды пайдалануға берді.
Жұмысшылардың басым бөлігі тұрғын үй қорын жөндеуде. 1544 үйде әрлеу жұмыстары жүргізілуде, толық қалпына келтіру 428 жеке тұрғын үй құрылысы нысандарында жүргізілуде. Сонымен қатар, меншік иелерінің келіспеуі себебінен құрылысшылар 49 тұрғын үйді жөндеуге кірісе алмай отыр. Даулы мәселелерді күн сайын әкімдіктердің өкілдері бекітілген учаскелерде шешуде. 17 сектордағы құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде және тұрақты бақылауда тұр.