Әйелдер күресінен Қазақстан командасы Сочи қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Бас бапкер Нұрлан Аманқосовтың айтуынша, әлем чемпионатына қатысатын құрам 90 пайыз белгілі деп хабарлайды Olympic.kz.
«Бұл күндері Сочи қаласында Ресей, Венгрия, Эстония және Финляндия құрамаларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Дайындық жақсы қарқынмен басталды. Әлемдік сын қарсаңындағы соңғы жиынды елде өткіземіз. Нұр-Сұлтандағы әлемдік сынға қатысатын құрам 90 пайыз анықталды. Тек 53 келіде кімнің кілемге шығатынын шешкен жоқпыз. Осы жиыннан соң нақты белгілі болады», - деді бас бапкер.
Әйелдер күресінен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы:
50 келі: Валентина Исламова
55 келі: Марина Седнева
57 келі: Эмма Тисина
59 келі: Мадина Бақбергенова
62 келі: Аяулым Қасымова
65 келі: Айна Теміртасова
68 келі: Ирина Казюлина
72 келі: Жәмила Бақбергенова
76 келі: Эльмира Сыздықова