Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақтың арнайы өкілі Петер Бурианды қабылдады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды.
«ЕО-ның Орталық Азиядағы Арнайы өкілі Петер Бурианды қабылдадым. ЕО-ның ОА бойынша жаңа Стратегиясы аясында ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін талқыладық. Еуроодақтың жаңа басшылығы Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделі екендерін білдірді», деп жазды Қ.Тоқаев.