Жалғас Әділбаев Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жалғас Жұмаұлы Әділбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қалыбек Ибрагимұлы Қобландин Қазақстан Республикасының Монғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды», делінген хабарламада.