• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2013

Астанада Кувейт елшілігі ашылады

347 рет
көрсетілді

Астанада Кувейт елшілігі ашылады

Сейсенбі, 4 маусым 2013 2:06

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай бастаған делегация Кувейт мемлекетіне жасаған жұмыс сапары барысында Кувейт Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі шейх Сабах Халед Әл-Хамад Ас-Сабахпен келіссөздер жүргізді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Сейсенбі, 4 маусым 2013 2:06

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай бастаған делегация Кувейт мемлекетіне жасаған жұмыс сапары барысында Кувейт Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі шейх Сабах Халед Әл-Хамад Ас-Сабахпен келіссөздер жүргізді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Кувейт сырт­қы саясат ведомствосының басшысы Ку­вейт тарапы Қазақстанның жоғары ха­лықаралық беделін, сондай-ақ көп­жақ­ты және екіжақты экономикалық ын­тымақтастықтың болашақ әлеуетін ескере отырып, үстіміздегі жылдың аяғына дейін Астанада өз елшілігін ашуды жоспарлап отырғанын және оның салтанатты ашылуын Кувейт Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі шейх Сабах Халед Әл-Хамад Ас-Сабах Қазақстанға ресми сапары барысында өткізу ниеті бар екенін жеткізді.

Сұхбат аясында тараптар Қазақстан мен Кувейт арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастық мәселелерін, атап айт­қанда, екіжақты саяси, экономикалық жә­не мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту жолдарын талқылап, аймақтағы түйткілді мәселелер бойынша ой бөлісті.

Қ.Сарыбай Кувейтке сапары шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Кувейт үкіметаралық бір­лескен комиссиясының тең төрағасы, Кувейт Қаржы министрінің орынба­сары Халифа Хамадамен, Кувейт араб экономикалық даму қорының (КАЭДҚ) бас директоры Әбделуахаб Әл-Бадр­мен кездесулер өткізді. Кездесулер бары­сын­да елдер арасындағы екіжақты ынты­мақ­тастықты жаңа деңгейге көтеру, үкімет­аралық комиссияның кезекті 3-отыры­сын алдағы қыркүйекте Астанада өт­кізу және елімізге инвестиция тарту, ку­вейт­тік кәсіпкерлердің Қазақстан нары­ғына белсенді араласуы мен 2017 жы­лы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халық­аралық көрмесін ұйымдастыруға атсалысу мәселелері талқыланды.