• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Тамыз, 2019

Бішкек соты Атамбаевты изоляторда қалдырды

494 рет
көрсетілді

Бүгін Бішкек қалалық сотының көшпелі отырысында Атамбаевты Қырғызстанның Мемлекеттік ҰҚК тергеу изоляторында ұстау шарасын қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

 

Отырыста сот бұлтартпау шарасын өзгерткен жоқ. Бұрынғы президент 26 тамызға дейін изоляторда болады.

Еске сала кетейік, Қырғызстанның бұрынғы президенті бірнеше бап бойынша айыпталып отыр. Атап айтқанда, Атамбаев: Бішкек жылу энергия стансасын жаңғырту кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол берді, Бішкек жылу энергия стансасына көмір жеткізуде сыбайлас жемқорлыққа жол берді, заңсыз жолмен табыстарын арттырды («Форум» ғимараты ісі), Геология агенттігінің жекелеген лауазымды тұлғаларымен бірге лицензия беру бойынша сыбайлас жемқорлыққа жол берді деген күдікке іліккен.

Бұдан бөлек, бас прокурор Откурбек Джамшитов Атамбаев қару пайдалану, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру, тергеуге кедергі жасау, адамдарды кепілге алу, адам өлтіруді ұйымдастыру, адам өлтіруге әрекет жасау баптары бойынша күдікке ілінген мәлімдеген.