• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Тамыз, 2019

Ақмолалық полицейлер қарттар үйіне барды

526 рет
көрсетілді

Ақмолалық полицейлер Дамса ауылындағы қарттар үйіне барып қайтты. Жылыжүзді жүздесуден кейін Научный елді мекеніндегі жаңа учаскелік полиция бекетінің ашылу салтанатына қатысты.

Қазіргі күні қарттар үйінде 46 қария тұрып жатыр. Аталмыш мекеме қызметкерлері қарттар үйіндегі әлеуметтік-тұрмыстық жағдаймен таныстырып, қариялардың тыныс-тіршілігін, оларға жасалып отырған қамқорлықты көрсетті. Мұнда егде адамдарға жап-жақсы жағдай жасалған. Сәл таратып айтатын болсақ, еңбек терапиясы кабинетінде зейнеткерлер  шығармашылық қабілеттерін шыңдай алады. Ал мекеме аумағындағы жылыжайда қияр, қызанақ, кәді егеді. Оның дәмін өздері татады. Өмір болған соң тағдыр жолы да саналуан. Осы жерде шаңырақ көтеріп жататындар да бар екен.

Кездесу барысында қарияларға арнайы сый-сияпат жасалып, ескінің есті әндері шырқалған көңілді концерт ұйымдастырылды. Орталықта зейнеткерлерден басқа тиісті медициналық қызмет алып жатқан мүгедек жандар да тұрады.

Құқық қорғау қызметкерлерінің жұмыс сапары барысында учаскелік полиция бекетінің ашылу салтанатына қатысты. Мекеме компьютерлік технологиялармен, байланыс құралдарымен жабдықталған.