Сейсенбі, 11 маусым 2013 2:11
Алматыда Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентшілерінің жастар саясаты бойынша халықаралық конференциясы болып өтті.
Елімізде өткізіліп отырған парламентшілердің ауқымды форумы мемлекеттер арасындағы саясаттың қалыптасқанын, парламентаризм рөлінің нығайып келе жатқанын айғақтайды. Саяси-экономикалық және мәдени қатынастары бекіген көршілес, тағдырлас елдер мен халықаралық ұйымдар бірлесіп жастар мәселесінің шешімін іздеуде парламентшілердің тығыз ықпалдастығы мен белсенді үнқатысуы кез келген кедергілерді жойып, ортақ істе үлкен жетістіктерге жетелейтіні белгілі.
Сейсенбі, 11 маусым 2013 2:11
Алматыда Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентшілерінің жастар саясаты бойынша халықаралық конференциясы болып өтті.
Елімізде өткізіліп отырған парламентшілердің ауқымды форумы мемлекеттер арасындағы саясаттың қалыптасқанын, парламентаризм рөлінің нығайып келе жатқанын айғақтайды. Саяси-экономикалық және мәдени қатынастары бекіген көршілес, тағдырлас елдер мен халықаралық ұйымдар бірлесіп жастар мәселесінің шешімін іздеуде парламентшілердің тығыз ықпалдастығы мен белсенді үнқатысуы кез келген кедергілерді жойып, ортақ істе үлкен жетістіктерге жетелейтіні белгілі.
Қазақстан Парламенті ұйымдастырған бұл басқосуға Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Юзо Харада, БҰҰ Қоры өкілдігінің Орталық Азия тұрғындары бойынша Аймақтық өкілдігінің директоры Николай Ботев, Халықтың қоныстануы мен дамуы жөніндегі Азия парламентшілері форумының (ХҚДАПФ) Атқарушы директоры Рамон Сан Паскуаль, Австралия Парламентінің депутаты, ХҚДАПФ кеңесшісі Джон Хайд, БҰҰ жанындағы Әйелдер кеңесінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша Аймақтық бағыттаушы-директоры Дамира Сартбаева секілді құрметті қонақтар қатысып, отырысты Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, ХҚДАПФ вице-спикері Айткүл Самақова жүргізіп отырды. Екі күнге созылған келелі кеңесте жоғарыда аталған мәртебелі қонақтармен қатар, Қазақстан Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Қабиболла Жақыпов бастаған бірқатар депутаттар форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеп, Білім және ғылым министрінің орынбасары Мұрат Әбенов жастар мәселесі тақырыбына баяндама жасады.Еліміздің жастар саясаты мемлекеттік басымдықты арттыру шарасы ретінде жастардың өмірін табысты ету мақсатында әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жетілдіруге бағытталған. Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.Статистика агенттігінің алдын ала жасаған деректері бойынша 2013 жылдың басында еліміздегі жастардың жалпы саны (14-29 жас аралығы) 4 656 647 адамды немесе жалпы халық санының 27,5 пайызын құрайды. Өңір бойынша жастардың ең көп шоғырланған жері Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласы.Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы құрылып, нәтижесінде ел Үкіметінің қаулысымен «Қазақстан-2020: болашаққа жол» атты еліміздің мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданған. Осы орайда жастарды жұмысқа орналастыру және баспанамен қамту мақсатында «Жұмыспен қамту-2020», «Жасыл ел», «Дипломмен – ауылға!», «Жастар практикасы» жобалары жүзеге асып жатыр.Халықтың қоныстануы мен дамуы жөніндегі Азия парламентшілері форумының жастар саясаты жөніндегі Алматы кездесуінде Шығыс Еуропа мен Орталық Азия жастарының мәселесімен қатар, Қазақстан жеріндегі жас ұрпақтың бүгінгі кездесіп отырған проблемалары да нақты сөз болды. «Каир бағдарламасын қолға алғалы қанша ілгеріледік және жастарға қатысты атқарылмаған қандай іс қалды?», «Орталық Азия жастарының болашағы қандай болғанын қалаймыз?», «2015 жылдан кейінгі жаңа дәуір дамуының болашағы қандай?» деген секілді сауалдарды алға тартып, осы сұрақтардың шешуін іздеген келелі кеңесте негізінен бүгінгі жас ұрпақтың денсаулығы, баспанасы мен білімі, жұмысқа қамтылуы секілді мәселелер терең қаузалды.Алыс-жақын шет елдерден келген парламентшілер мен халықаралық ұйым өкілдері Қаскелең қаласында орналасқан С.Демирел атындағы білім ордасында болып, жастармен кездесті. Білім ордасына шетелдік қонақтарды бастап келген Парламент Мәжілісінің депутаттары елімізде 2008 жылдан бері Қазақстан Президенті жанында Жастар саясаты жөніндегі кеңес жұмыс жасайтынын, Елбасы Үкіметке жастар бастамасы қорын құруға тапсырма беріп, барлық министрліктер мен әкімдіктерге, мекемелерге өздерінің стратегиялық жоспарларына жастармен тығыз жұмыс істеу өлшемдерін енгізу ұсынылғанын жеткізді.Қанат ЕСКЕНДІР,«Егемен Қазақстан».АЛМАТЫ.––––––––––––––––––––Суретті түсіргенАйтжан МЫРЗАНОВ.