«Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаев 21 тамызда Үкіметтің, Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының және аймақ басшыларының қатысуымен Саяси кеңестің кеңейтілген отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды.
Сондай-ақ Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Саяси кеңес Бюросының отырысында «Nur Otan»-ның партиялық тізімі бойынша Г.Н.Әбдіқалықоваға, Н.Б.Әлімжановқа, Н.К.Әшімбетовке және Ж.Қ.Омарбековаға Парламент Мәжілісі депутаттарының мандаттарын беру туралы шешім қабылданды.