• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Тамыз, 2019

Түркияның беделді басылымына «Egemen Qazaqstan» газеті туралы мақала жарияланды

618 рет
көрсетілді

Түркия Республикасының Cumhuriyet Gazetesi басылымының бүгінгі санына «Egemen Qazaqstan» газеті мен Халықаралық Түркі академиясы туралы көлемді мақала шықты. 

Cumhuriyet Gazetesi – тоқсан бес жылдық тарихы бар Түркияның атақты басылымы. Газеттің журналисі Иклим Өнгел ел газеті «Egemen Qazaqstan» редакциясына арнайы келіп, ұжым қызметкерлерімен кездесті.