• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Маусым, 2013

Сыртқы саяси басымдықтар

318 рет
көрсетілді

Сыртқы саяси басымдықтар

Сейсенбі, 11 маусым 2013 2:12

Кеше Сыртқы істер министрлігінде 29 мамырда Астана қаласында өткен мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі отырысының қорытындысына арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны Сыртқы істер, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктері ұйымдастырды. Дөңгелек үс­тел жұмысына Премьер-Ми­нистрдің орынбасары Қайрат Келімбетов, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, елімізде аккредиттелген дип­ло­матиялық миссия басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ мүдделі министрліктер мен ведомстволар басшылары, «Атамекен Одағы» ұлттық экономикалық палатасының өкілдері қатысты.

Отырысты ашқан Е.Ыды­рысов еуразиялық инте­гра­циялық үдерістің мәселелері елімізбен бірге шет елдердің де жоғары қызығушылығына ие екендігін, сондай-ақ сарапшылар мен бақылаушылардың әртүрлі пікір білдіруі мен интеграциялық үдерістердің дамуына берген бағаларын атап өтті. «Осыған байланыс­ты, мақсатымызды айтып, көзқарасымызды біл­ді­ру маңызды деп санаймыз. Сон­дық­тан «бірінші дерек­кө­зі­нен» ақпарат алуға мүмкіндік берген жөн», деді Сыртқы істер министрі.Қ. Келімбетов жиналған қау­ымға еуразиялық кеңістіктегі интеграция мәселелері жө­нін­­дегі жұмыстардың нәти­желері туралы әңгімеледі. Ол Кеден одағының жұмысы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің құрылуы, сон­дай-ақ таяу болашақта Еура­зиялық экономикалық одақ­тың құрылуы еліміздің сыртқы саясатындағы басты басым­дықтар, деп атап көрсетті.Астана қаласында өт­кен мем­лекет басшылары дең­гейін­дегі Жоғары Еура­зиялық эко­номикалық кеңес оты­рысының қорытындысынан кейін мемлекет үкіметтеріне нақты тапсырмалар берілді, деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары. Үкіметтердің жұмысының басты мақсаты – әр елдің нақты жүйемен экономикалық дамуына жағдай туғызу. Сөйтіп, елдердің әл-ауқатын және серіктестік бәсекелестігін арттыру маңызды екендігіне тоқталды.Жиын соңында Қайрат Келімбетов дипломатиялық корпус өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға толымды жауаптар қайырды.Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,«Егемен Қазақстан».