• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Тамыз, 2019

Жәнібек Әлімханұлы канадалық қарсыласын нокаутқа түсірді

217 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) кәсіби рингте жетінші кездесуін өткізді. Бұл туралы sports.kz хабарлады. 

Ол кеше Лос-Анджелесте Banc of California Stadium аренасындағы бокс кешінде канадалық Стюарт МакЛелланмен (27-3-3, 11 КО) жекпе-жек өткізді.

Орта салмақтағы он раундқа созылған айқаста Әлімханұлы бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді және де екінші, бесінші раундта қарсыласын ногдаунға түсірді.

Енді Жәнібектің есебінде жеті жеңіс бар, ал МакЛеллан өзінің кәсіби бокста төртінші рет сүрініп отыр.