• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2013

Болашаққа деген сенім

1534 рет
көрсетілді

Болашаққа деген сенім

Сәрсенбі, 9 қаңтар 2013 7:38

Осыдан 15 жыл бұрын Елбасымыз Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиялық бағдарламасын жариялаған кезде,  шынын айту керек, бірсыпыра жұрттың көңілінде үміттен гөрі күдік басым еді. Тәуелсіз жас мемлекеттің  тәй-тәй басып, арты  жар, алды бұлыңғыр тұман болып тұрған кезі еді ол жылдар.  Мемлекет басшысы етектен тартып, жағадан алып тұрған  қиындықтарға  қарамастан, елдің еңсесін тіктеп, болашаққа қарай сеніммен қадам жасауы үшін қазақстандықтар алдына биік мақсаттар қойып, оған апарар  жолды  айқындап, саралап берді.

Сәрсенбі, 9 қаңтар 2013 7:38

Осыдан 15 жыл бұрын Елбасымыз Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиялық бағдарламасын жариялаған кезде,  шынын айту керек, бірсыпыра жұрттың көңілінде үміттен гөрі күдік басым еді. Тәуелсіз жас мемлекеттің  тәй-тәй басып, арты  жар, алды бұлыңғыр тұман болып тұрған кезі еді ол жылдар.  Мемлекет басшысы етектен тартып, жағадан алып тұрған  қиындықтарға  қарамастан, елдің еңсесін тіктеп, болашаққа қарай сеніммен қадам жасауы үшін қазақстандықтар алдына биік мақсаттар қойып, оған апарар  жолды  айқындап, саралап берді. Міне, бүгін  Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміздің  қарыштай дамып, іргелі мемлекет болғанына көзіміз жетіп отыр. Дүниенің төрт бұрышындағы алпауыт мемлекеттер  Қазақстанды таныды, мойындады, санасты. Басшы көрсеткен сара жол бәрімізді  айқын да, ашық, мақсаты мен мүддесі белгілі дамудың дара жолына алып шықты. Белгіленген мақсаттар мерзімінен бұрын – он бес жылда  жүзеге асырылды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті Жолдауында 2050 жылға дейінгі ауқымды стратегиялық бағдарламаны жариялаған кезде осыдан он бес жыл бұрынғыдай көңілімізде сенімсіздік орын алған жоқ, қайта жігерімізге жаңа серпін беріп, бойымызға қуат құйды. Онда айтылған тұжырымдардың бәрі де көкейге қонымды, алға қойылып отырған міндеттердің бәрін өз кезеңінде орындап шығамыз деген сенім мол.Әрине, мақсатқа жету үшін ең алдымен еңбектену керек. Ізденбеген, еңбектенбеген, білім мен білік деңгейін дамытпаған болсақ, біз 2030 бағдарламасын мерзімінен бұрын орындап, бүгінгі күні алға зор үмітпен қарап отырмас едік. Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында айтылған мақсаттар біздің бүгінгі қалыптасқан мемлекетімізді даму жолдарында қиындықтар іргесін шайқай алмайтын, тамыры терең бойлаған іргелі ел болуға апаратын жол деп білемін. Бұл жолдың да оңай еместігі белгілі. Елбасы Қазақстанға, оның халқының әлеуетіне сенгендіктен де осындай бағдарлама ұсынып отыр.Мен ауыл шаруашылығы саласының ғалымы және білім саласында қызмет істейтіндіктен алдымен осы салалар бойынша алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге тоқталсам деймін. Әлемде бүгінде 10 миллион тұрғын жартылай аштық, 6 миллион адам толық аштықты бастан өткеруде. Сондықтан, Елбасының бұл Стратегиясы тек Қазақстан үшін ғана емес, дүниежүзілік деңгейде өзекті мәселе болып отыр. Азық-түлік қауіпсіздігін шешу үшін жерді дұрыс және тиімді пайдалану керек. Жиырма бірінші ғасырдың он сын-қатерінің ең басты қаупінің бірегейі ретінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болатынын Елбасы бөле-жара бекер келтіріп отырған жоқ. Егер сараптап қарар болсақ, жер бетіндегі әр адамның қалыпты тамақтануы үшін оған 0,3 гектар егістік және 1 гектар жай жерден келуі тиіс дейтін болсақ, Қазақстанда жер елдің бір тұрғынына 13 гектардан айналады екен. Ресейде ол 3 гектардан келеді. Бұл Қазақстанда егістік жерлерді басқа елдермен салыстырғанда, кеңейтуге мүмкіндіктің мол екенін көрсетеді. Қазақстанда 10 жыл бұрын 35 млн. гектар егістік жерге дән себілетін болған. Бүгінде 22 млн. гектар егістік болса, оның 60 пайызын бидай алады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы, оның ішінде астықтың шығымы көңіл көншітерлік емес екендігін айта кеткен ләзім. Ол гектарына 13-14 центнерден аспауда. Себебі, ауыл ша­­руашылығына арналған жерлерді тиім­д­і пайдалана алмай отырмыз. Егістік жер­лердің 30-35 млн. гектардан 22 млн.-ға түсіп кетуінің өзі – табиғат берген үлкен сыйды дұрыс пайдалана алмай отырғанымыздың дәлелі бола алады. Жер тиімділігін арттырып, сапалы экологиялық таза өнім алу үшін алдымен топырақтың құнарлылығын арттыруымыз керек. Сонымен қатар, тек біздің еліміздің климатына бейімделген мәдени дақылдардың тұқымын пайдалану да көп проблеманы шешеді. Тек бидай ғана емес, бұршақ, майлы дақылдар, көкөніс те өсіруіміз керек. Ертеректе бидай себілетін алаң 17-18 миллион гектарды алған болса, бүгінде ол небәрі 10-11 миллион гектар егістік алқабына себіледі. Қазіргі басты мақсат – егістіктердің шығымын күшейту үшін оның құнарлылығын арттыруда әлемдік озық технологияларды пайдалана отырып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу болып табылады. Ол дәнді дақылдардың шығымын жақсартып, алынатын өнімді 10-нан 15 центнерге дейін көтеруге мүмкіндік береді.Әрбір шаруа қожалығы ол үшін озық технологияны пайдалануы тиіс. Яғни, жермен жұмыс істейтін әрбір шаруа адамы өзін асырап отырған Жер-Ананы аялап, баптаған сайын оның берер сыйы да еселене түсетінін естен шығармаса деймін. Өсімдіктерді дер кезінде зиянды аурулардан қорғап отыру үшін қажетті химиялық препараттарды қолдану керек екені өзінен-өзі түсінікті. Біздің адамзат алдындағы мақсатымыз – экологиялық таза, сапалы өнім, яғни азық-түлік дайындау болса, онда әлемде шығарылып жатқан неше түрлі препараттарды жаппай оңды-солды пайдалануға өте сақ болуымыз керек дегім келеді. Препараттарды тым артық қолданудың өсімдікке залалы көбірек екенін ұмытпайық. Олар егістікті арам шөптерден арылтып, мол өнім беруге көмектескенімен, өнімнің сапасын бұзып, адам ағзасына зиян әкелуі әбден мүмкін. Сондықтан, химиялық препараттарға мұқият болу керек екенін ғалым ретінде тағы да айта кеткім келеді. Отандық тыңайтқыштар мен химиялық препараттар мұндай проблемаларды болдырмайды. Өйткені, ол өз табиғи жағдайымызға бейімделген.Осы жерде мен тыңайтқыштарды пайдалану және оларды өндіру мәселесінің әлі де болса жете қолға алынбай отырғанын айта кеткім келеді. Әрине, 1995 жылдарғы деңгейден жоғарыладық деуге болады. Бірақ әлі тыңайтқыштарды өндіру көлемі ауыл шаруашылығына қарасты егістік алқаптардың құнарлылығын қалпына келтіруге және дақылдар өнімділігін көтеруге жеткіліксіз болып тұр. Бүгінгі күннің басты мәселесі – ғалымдардың зерттеу жұмыстарын дұрыс пайдалану болып табылады. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғалымдары осы бағытта 2007-2011 жылдары 26 қосымша жоба дайындап, нәтижесінде 34 жаңа технология және техникалық нысан құрылды. Өндіріске 30 аяқталған зерттеу енгізіліп, ол ауыл шаруашылығының әртүрлі салаларын қамтыды. Тұзданған жерлердегі күріштің өнімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуде ресурс үнемдейтін технологиялар, МЭРС микротыңайтқышы, биогумус, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде жаңа технологиялар, мал ауруымен күресу шаралары, жаңа машиналар мен жабдықтарды құрастыру секілді жаңалықтар енгізілді. Бүгінде біздің Қазақ ұлттық аграрлық университеті «ҚазАгроИнновация» АҚ-тың 23 ғылыми-зерттеу институты, Білім және ғылым министрлігінің 16 ғылыми-зерттеу институты, 2 аграрлық ЖОО, 7 басқа да жоғары оқу орындарының 7 факультеті және аграрлық секторға 23 мамандық бойынша маман даярлайтын 16 колледж және 130 ауыл мектептерімен тығыз байланыс–та жұмыс істейді. Болашақта осылардың негізінде корпоративтік интеграцияланған оқу-ғылыми-инновациялық университет кешенін құру көзделуде.Университетіміздің пилоттық инновация­лық бөлімшесі – Қазақстан-Жапония инновациялық орталығы жұмыс істеуде. Ол 2010 жылы жапондық жетекші «JEOL» және «Shimadzu» компанияларымен бірлесіп құрылған болатын. Орталықтың құрамында 4 лаборатория жұмыс істеуде. Университет 42 бакалавр мамандығы және жоғары білім, 39 – магистратура, 16 – PhD білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда. Сегіз мыңнан аса студенттер оқып білім алуда.Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауда жоғары оқу орындары тек білім беру қызметімен ғана шектеліп қалмауы керек, олар қолданбалы және ғылыми-зерттеу бөлімшелерін құрып, дамыту тиіс деді. Ғалымдар бұл пікірді бір ауыздан қолдайды. Осы мәселеге байланысты біздің әлі де қолбайлаулар мен қайшылықтардан арыла алмай отырғанымызды айтқым келеді. Бұл барлық жоғары оқу орындары мен ғылымның проблемасы болып тұр деп ойлаймын.Бүгінде Білім және ғылым министрлігі ғылыми-зерттеулерді де, қолданбалы зерттеулерді де қаржыландырады. Осы арада бір қарама-қайшылықтар алдымыздан шығады. Біз кадрды Ауыл шаруашылығы министрлігі үшін даярлаймыз. Оның құрамында 24 ғылыми-зерттеу институты мен 12 тәжірибе стансасы бар. Ауыл шаруашылығы министрлігінің осы мекемелерін қаржыландыратын — Білім және ғылым министрлігі. Білім министрлігі биыл осы аграрлық ғылыми-зерттеу институттары мен стансаларға 3,2 млрд. теңге бөлді. Бұл деңгей 3 жылдан бері өскен емес. Бұл дегеніңіз, аграрлық ғылымды дамытуға тым аз. Яғни, ауыл шаруашылығына кадр даярлайтын ғылыми мекемелерді білімге қатысты министрлік қаржыландырған соң, ол түгелдей сол салаға тәуелді болады деген сөз. Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарайтын ғылыми-зерттеу институттары аз қаржыландырылады. Қаржы фундаменталді ғылымға басымырақ бөлінеді. Селекция, генетика, биологиялық ғылым үлесіне қаржы жеткілікті тимей келеді.Аграрлық салаға қатысты ғылыми-зерттеу институттарын Білім және ғылым министрлігінің қарамағына біржола беріп, олар бұл салаға қажетті қаржымен қамтамасыз етуі тиіс. Аяқталған зерттеулерді біз сол министрлікке беруіміз керек. Онда арнаулы инновациялық орталықтар құрылуы тиіс. Жаңа «Ғылым туралы» Заңға байланысты консорциумдар құруымыз керек. Ол салалық мекемелердің арасында үйлестіру жұмыстарын жүргізіп отырады. Бүгін аграрлық ғылыми-зерттеу институттары өз бетінше, аграрлық университеттер өз бетінше тірлік етіп жатыр. Қазір еліміздегі үш аграрлық университет ғылымының потенциалын 202 ғылым докторы, 673 ғылым кандидаты құрайды. Ал 24 ғылыми-зерттеу институттары мен 12 тәжірибелік стансада 74 ғылым докторы, 495 ғылым кандидаты еңбек етеді. Яғни, аграрлық ғылым потенциалын толық пайдаланудың жолдары қарастырылмауда деген сөз. Ал қазір нағыз осы аграрлық саланың ғылымын дамытудың заманы дер едім. Біз 3 консорциум құруды ұсынып отырмыз. Солтүстіктегі ғылыми-зерттеу институттарын Астанадағы аграрлық университетке, оңтүстіктегілерді Алматыдағы, батыстағыларды батыстағы аграрлық университет қарамағына беру керек. Басқару мәселесінде де қайшылықтар жетіп артылады. Шетелдерде университеттерде дәріс беретін ғалымдар түске дейін сабағын беріп, түстен кейін зерттеу институтындағы жұмысына кетеді. Студенттер де университетте оқи жүріп, алған білімдерін тәжірибелік стансаларда немесе ғылыми-зерттеу институттарында тәжірибемен жалғастырады. Ғылымға бейімі бар, алғыр студенттерді байқаған ғылыми-зерттеу институттары оларды ғылымға тартады. Бұл дегеніміз, маман-кадрлардан ғылыми ізбасар даярлауға жол ашады деген сөз. Ал біздегі қазіргі ауыл шаруашылығы саласы ғылымындағы ғалымдардың орташа жасы 53 пен 62 аралығында.Ғалымдарсыз біз инновацияны дамытуды жолға қоя алмайтынымыз белгілі. Инновацияны шетелден сатып ала беруге ертеңгі күні шамамыз келмей қалады. Теориялық мәселелерді шешу үшін инновациялық құрал-жабдықтар жетіспейді. Теориялық мәселелерді шешпей, қолданбалы мәселелер шешілмейтіні тағы белгілі. Әрине, мемлекет қаржы бөліп жатыр, мәселе сол қаржыны тиімді жұмсай білуде. Тиімді жұмсалса, мысалы, өсімдік саласындағы ғылыми-зерттеулердің нәтижесі жоғары бола алар еді. Бірақ ол тиімді әрі рационалды пайдаланылып отырған жоқ. Екінші жағынан, облыстық ӘКК-лер ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттарымен әлсіз жұмыс істеуде. ЖОО-лармен де байланысы әлсіз. ӘКК-тер өз бағытын түбірлі қайта қарауы тиіс. Оның басты міндеті жаңа инновациялық жобаларды ендіру болатын. Мұны олар ұмытып кеткен сыңайлы. Мен бұл жерде ғылыми жобаларды айтып отырмын. Ал үкіметтік деңгейдегі үлкен жобаларды емес. Әртүрлі кешендер, зауыттар құру басқа әңгіме. Бірыңғай жүйе құруымыз керек. Салалық министрліктер жобаларды ендірумен айналысулары керек. Ғылыми-зерттеу институттарының проблемаларымен тікелей Білім және ғылым министрлігі айналыссын. Қаржыландырушы мекеме болған соң осының бәрінің басында сол министрліктің тұруы шарт деп ойлаймын.Аграрлық сектор мен білім және ғылым саласы бойынша Елбасының алдымызға қойып отырған мақсаттарын жүзеге асыру қолымыздан келетініне толық сенімдімін. Тек әрнәрсеге тиянақты да оң көзқарас қалыптастыруымыз керек. Елбасымыз 2050 жылға дейін Қазақстан қаншалықты деңгейде дамитынын, еліміздің алдында қандай мақсаттар тұрғанын, кездесетін қиындықтарды жеңу жолдарын нақты белгілеп берді. Стратегияның өзіндік негізі бар. Ол – еліміздің экономикалық даму серпіні, интеллектуалдық күші, ең бас­тысы этносаралық береке-бірлігі. Осы факторлардың барлығы Қазақстанды 2050 жылға дейін бәсекелестікке барынша қабілетті өркениетті елдердің қатарына міндетті түрде қосады.Рахымжан ЕЛЕШЕВ,академик, ауыл шаруашылығығылымдарының докторы.АЛМАТЫ.