Қорғаныс министрлігі Қырғыз тауларында жоғалған альпинистер Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев, Александр Чечулинді құтқару операциясын бастады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Минстрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, алпинистердің бірі қаза болуы мүмкін. Құтқарушылар тобына әйгілі альпинист Мақсұт Жұмаев жетекшілік етуде. Топ құрамында аға лейтенант Василий Пивцов пен майор Аманжол Рахметов бар.
Әскери қызметшілер тәулік бойы толық жауынгерлік әзірлікте болды және ұшуға рұқсат күтіп отырды. ҚР Төтенше жағдайлар комитет ұсынған тікұшақ көмегімен 4400 метр биікке көтеріліп, альпинистердің базалық лагерінде іздестіру жұмыстарын бастайды.
«Ауа райының күрт нашарлауына іздеу жұмыстарын қиындатуда. Сондықтан әскерилер тепловизор құралын пайдаланбақшы. Мұндай биіктікте жұмыс істеу үшін жердің сырын білетін құтқарушыларды жіберу өте маңызды болды. Құтқару операциясына қатысушылар жақында Ресейдің жоғарғы шыңында өткен альпинизм бойынша «Эльбрус шеңбері 2019» халықаралық жарысынан келген болатын», - делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.