Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комиеті Ақмола облысы Аршалы ауданының Михайлов ауылдық округінің Ольгинка ауылында күйдіргі ауруының тіркелуіне байланысты эпидемиологиялық жағдай туралы және қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комиетінің төрағасы Людмила Бюрабекованың айтуынша «Күйдіргі ауруының тіркелуі бойынша жағдайды Комитетке тұрақты бақылауға алып отыр».
Өңірде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықовтың төрағалық етуімен денсаулық сақтау, ветеринария саласындағы барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ішкі істер органдарының және төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттердің өкілдерінің қатысуымен күйдіргі ауруы жөніндегі аумақтық штаб жұмыс істеуде. Ошақта байланыста болған адамдарды анықтауға және оларды вакцинациялауға бағытталған эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды, деп атап айтты Комитет басшысы.
Бұдан басқа, Аршалы ауданының әкімі Эпизоотиялық және эпидемиологиялық ошақтарды шоғырландыру және жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.
Бүгінгі күні күйдіргі ауруы бойынша бес күдікті жағдай тіркелді, оның ішінде төртеуі зертханалық расталды. Жекеменшік аулада ветеринариялық куәландырусыз ірі қара малды (сиырды) мүжбүрлі сою күйдіргі ауруын жұқтыруға себеп болған.
Ольгинка ауылына аулаішілік өңдеу жүргізу үшін қосымша 3 медицина қызметкері жіберілді. Медициналық ұйым дәрі-дәрмектермен толық көлемде қамтамасыз етілді.
2019 жылғы 12-15 тамыз аралығы кезеңінде байланыста болған барлық адам Аршалы ауданының жұқпалы аурулар бөлімшесіне емдеуге жатқызылғанын атап айту қажет. Эпидемиологиялық тергеп-зерттеудің нәтижесінде 2019 жылғы 2-6 тамыз аралығында жекеменшік аулада ветеринариялық куәландырусыз сиырды мәжбүрлі сою жүргізілгені анықталды. Сиырдың иесінің айтуынша сиырды союға 5 адам қатысқан.
Қазіргі уақытта Ұлттық сараптама орталығының және Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығының аса қауіпті инфекциялар зертханасы науқастардан серологиялық зерттеу үшін материал алған.
Сондай-ақ зертханалық қызметтердің мамандары аурудың бірінші жағдайы тіркелген сәттен бастап ошақтардан ауру малдың материалдарын (ірі қара малдың еті, жүні, шөп, сүт, тезек, жем, арпа, құрама жем), мал сойған орынның топрағының, суының және тезегінің сынамасын іріктеуге алды.
Зерттеулердің нәтижелері бойынша сәйкес келмеген сынамалар анықталған жоқ, 3 биосынама және 5 топырақ сынамасы қосымша іріктеуге алынды, олар бактериологиялық тұрғыдан зерттелуде.
Сонымен қатар ветеринариялық инспекция санитариялық қызметпен, полициямен және медицина қызметкерлерімен бірлесіп, 156 үйдің ауласының ішіне (ішінара қайталау арқылы), 236 әртүрлі объекті мен ұйымға аулаішілік тексеру жүргізуді, тұрғындарға 392-ден астам жаднама таратты.
Аулаішілік тексеру барысында байланыста болған адамдар анықталып, оларға медициналық бақылау орнатылды, күніне екі рет термометрия, қарап-тексеру жүргізіледі.
Үй ошақтарына қорытынды дезинфекция жүргізілді, төсек-орын жабдықтарын камералық дезинфекциялау жүргізілді. Жүргізілген дезинфекциялауды бақылау үшін 70 шайынды алынды, оның ішінде 50 шайынды теріс, 20 шайындымен жұмыс жүргізілуде.
Ағымдағы жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ольгинка ауылының тұрғындарына тиесілі жануарларда күйдіргі ауруының диагнозы зертханалық расталуына байланысты Ақмола облысының Аршалы ауданының Михайлов ауылдық округының Ольгинка ауылының аумағына карантин енгізгенін атап айтамыз.
Ақмола облысының Аршалы ауданының Михайлов ауылдық округының Ольгинка елді мекенінің аумағындағы адамдардың, ауыл шаруашылығы малдарының және көлік құралдарының қозғалысына (келуі және кетуі) шектеу орнатылды.
Өңірдегі жағдайды Комитет бақылауға алып отыр, эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
Сонымен қатар Комитеттің басшысы азаматтарға қауіпсіздік пен гигиенаның қарапайым қағидаларын сақтауға ұсыным береді. Сондай-ақ дене қызуы көтеріліп, өзін нашар сезіну жағдайлар кезінде тұрғылықты жері бойынша медициналық мекемеге жүгінуге ұсыным береміз.