• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Тамыз, 2019

Алматы жолдарында қауіпсіздік шаралары қарастырылды

147 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов пен ЖПҚ бастығы Төрехан Исиннің қатысуымен Алматы қаласының жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өлімді азайтудың қосымша шаралары туралы брифинг өтті.

 

Полиция департаментінің мәліметі бойынша соңғы жеті айда Алматы қаласының аумағында жол-көлік оқиғаларында қаза болғандардың саны 73-тен 83 адамға дейін (өсім 13,7%) көбейген. Қала аумағындағы апаттық учаскелердің бірі – Алатау ауданының аумағы болып табылады. Атап айтқанда, Саин (4), Момышұлы (5), Солтүстік айналым (3), Жанқожа батыр (2) көшелері.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, жолдардағы өлім-жітімнің негізгі себептері көшелердің жарықтандырылмауы, бағдаршамдар мен жаяу жүргіншілер өтпелінің аз болуы, көлік жылдамдығын төмендету үшін жасанды кедір-бұдыр элементтерінің көптігі және қозғалыс қауіпсіздігін бақылайтын бейнекамералардың жеткіліксіз болуы екен.

Осыған байланысты қала әкімдігі полиция департаментімен бірлесе отырып бірқатар шараларды қабылдайды.

Жыл соңына дейін 208 көшеге жарық орнату жоспарлануда. 70 жаяу жүргіншілер өтпеліне де жарық қойылады. Сондай-ақ ПД-мен бірлесіп криминогендік және апатты учаскелерді жарықтандыру мәселесі жолға қойылды. 2020 жылдың соңына дейін қаланың барлық аулалары мен көшелеріне жарық орнату жоспарланып отыр.

Қала бойынша «Сергек» бейнекамералары орнатылады. Қосымша 707 бекет пайда болады. Жол-көлік оқиғаларына аса бейім 72 учаске қайта құрылатын болады. Бұрылу радиусы қысқартылып, тротуарлар саны мен пандустарды көбейеді. Сондай-ақ статистика бойынша жол-көлік оқиғасын 46%-ға төмендетуге мүмкіндік беретін қауіпсіздік аралдары пайда болады. Қыркүйек айында 50 учаскеде қауіпсіздік аралдары пайда болады.

Реттелмейтін қиылыстарда қосымша 7 бағдаршам нысандарын орнату қолға алынады. 12-ге жуық реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткеліне LED-жарықтандыруды қою жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ реттелмейтін 3 жаяу жүргіншілер өткеліне СИ-5 тіректеріндегі белгілермен жабдықтау бойынша жұмыстар аяқталуда.

Көлік құралдарының жылдамдығын мәжбүрлеп төмендету үшін жасанды кедір-бұдырлықтың саны артады.

Мектеп маңындағы және адамдар көп жиналатын жерлерде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар қала әкімдігіне қала тұрғындары мен автоәуесқойлар тарапынан жоғары жылдамдықты магистральдарда (ШААЖ, Әл-Фараби даңғылы) сағатына 80 шақырымға дейін рұқсат етілген жылдамдықты қайтаруды сұрауда. Осыған байланысты қала әкімшілігі соңғы бір жарым айдың ішінде қоғамдық қысымды сезіп келеді.

Әл-Фараби даңғылы, ШААЖ қаланың негізгі транзиттік магистральдары болып табылады. Шет елдердің тәжірибесі көрсеткендей, жылдамдықты шектеу көбінесе орталық көшелерге қолданылады. Мысалы, Испанияның айналмалы жолдарында рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық 120 км/сағ, Мәскеудің МКАД-ында – 100 км/сағ. Әкім мен әкімдіктің, Open Almaty-ға келіп түскен өтініштердің басым бөлігі аталған көшелерде жылдамдық режимін 80 сағ/шақырым жылдамдықты қайтаруды көрсетті. Бүгінгі күнге 800-ден астам өтініш келіп түсті. Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі, қала әкімдігі жұртшылықтың қалауы бойынша рұқсат етілген 80 км/сағ жылдамдықты ортақ айналма жол міндетін атқарып отырған Әл-Фараби даңғылы мен ШААЖ-да қайта енгізбек.