• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Тамыз, 2019

Футбол: Пушкаш сыйлығын кім алуы мүмкін?

442 рет
көрсетілді

ФИФА әр жылдың қорытындысы бойынша ең үздік голдың авторы атанған футболшыға Ференц Пушкаш атындағы сыйлықты табыс етуді талай жылдан бері тамаша дәстүрге айналдырып келеді.

Өткен маусымның қорытындысы бойынша 10 футболшының есімі аталды. Олар бразилиялық Матеус Кунья («Лейпциг»), швециялық Златан Ибрагимович («Лос-Анджелес Гэлакси»), аргентиналық Лионель Месси («Барселона»), италиялық Фабио Квальярелла («Сампдория»), колумбиялық Хуан Кинтеро «"Ривер Плейт»), англиялық Андрос Таунсенд («Кристал Пэлас»), венгриялық Даниэль Жори («Дебрецен») камерундық Аджара Нчут (Камерун құрамасы), америкалық Эми Родригес («Ютау Роялс») және солтүстікирландиялық Билли Симпсон («Клифтонвилл Ледис»). Есімдері соңында аталған үш ойыншы әйелдер арасындағы жарыстарда өнер көрсетуде.  

Дауыс беру нәтижесі 1 қыркүйекке дейін созылады. Солардың арасынан озып шыққан үш ойыншы финалдық сайысқа жолдама алады. Ал жеңімаз атанған футболшының есімі 23 қыркүйекте белгілі болады. Осы салтанатты шара Италияның Милан қаласында орналасқан әйгілі «Ла Скала» театрында өтеді.