• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Экономика 20 Тамыз, 2019

«Россельхознадзор» қазақстандық бес кәсіпорыннан шектеуді алып тастайды

219 рет
көрсетілді

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетіне РФ ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі Федералдық қызметінен бес қазақстандық кәсіпорыннан уақытша шектеулерді алып тастауға қатысты хат келіп түсті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды. 

ҚР АШМ ВБКК мен Россельхознадзор арасында өткізілген бейнеконференция барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, сондай-ақ Комитет берген кепілдіктерді ескере отырып, Россельхознадзор ағымдағы жылдың 21 тамызынан бастап келесі қазақстандық кәсіпорындардан уақытша шектеулерді алып тастады:

«Усть-Каменогорская птицафабрика» АҚ,

ЖШС «ADM Investment»;

ЖШС «Ордабасы-Құс»;

ЖШС «Париж коммуна XXI»;

ҰКП ЖШС «Kazakh Osseter».

Сондай-ақ Комитет төменде көрсетілген 15 қазақстандық кәсіпорындардан күшейтілген зертханалық бақылау режимін енгізген күннен бастап 3 айлық мерзім аяқталуына байланысты күшейтілген зертханалық бақылау режимін алып тастады:

-ЖШС «МясКом»;

- ЖШС «Кублей» ;

- ЖШС «Кузьмич»;

- ЖШС «СейНАР»;

- ИП «Калинин М.С.»;

- ЖШС «Шарбакты - Кус»;

- ЖШС «Каспий - Балык»;

- ЖШС «Усть-Каменогорский»;

- ЖШС «Компания Камертон»;

- ЖШС «Молпродукт»;

- ЖШС «Сергеевка сүт өнімдері»;

- ПК «Алматинский рыбзавод»;

- ТОО "Magic fish";

- ТОО «Элипс Сифуд»;

- ТОО «Солярис сифуд.

Осының арқасында жоғарыда аталған кәсіпорындар ресейлік серіктестермен сауда қатынастарын қалпына келтіріп, өз өнімдерін экспорттай алады.