• RUB:
    5.4
  • USD:
    475.39
  • EUR:
    513.37
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Тамыз, 2019

10 мыңнан астам алматылық тегін медициналық бақылаудан өтті

378 рет
көрсетілді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Қоғамдық денсаулық басқармасы 1 тамыздан бастап қолжетімді медициналық қызмет көрсету үшін жылжымалы мобильді кешендерді халық арасына жіберген болатын. Кешендердің барлығы қажетті қондырғылармен толық жабдықталған. 

Қазіргі кезде медиктер мегаполистің 40-тан астам шет аймақтарында болып, 10 мыңнан астам қалалықтарға тегін медициналық қызмет көрсетті және кеңестерін берді.

Айлықтың мақсаты – бір қадам жақын қолжетімді медициналық қызмет көрсету. Өйткені, халықтың көпшілігі алдын-ала медициналық бақылаудан өту үшін емханаларға уақтылы бара бермейді.

Жалпы, бақылау кезінде жүрек–қан тамырлары патологиясының кең тарағаны анықталды. Қан қысымының көтерілуі - гипертония 80%-ды құрайды. Алғаш рет медициналық бақылаудан өткендер арасында «қант диабетіне» шалдыққандар да анықталды.

Медицина қызметкерлері көпшілік арасында міндетті медициналық сақтандыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын да жоғары деңгейде жүргізуде.

 АЛМАТЫ