• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Тамыз, 2019

ҚАЖ мекемелеріндегі заңдылық жайы қаралды

121 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бас прокуратураның үйлестіру кеңесінде Ғизат Нұрдәулетовтің төрағалығымен, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымовтың қатысуымен құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары қылмыстық-атқару жүйесіндегі заңдылықтың жай-күйін талқылады.

Бас прокурор қабылданған шараларға қарамастан, қыл­мыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) мекемелерінде әлі де болса сот­талғандардың құқықтарын бұзуға жол берілетінін атап өтті. Осыған орай ел Президенті Бас про­куратураға азаптауларға мұқият тексеру жүргізуді, ал ІІМ-ге түзеу мекемелерін жаңғыр­туды және азаматтық бақылауды күшейтуді тапсырды.

Үйлестіру кеңесі мүшелерінің пікірінше, жағдайды түзету үшін кешенді іс-шаралар қабылдануы, соның ішінде барақтан камерада ұстауға көшу, медициналық бөлімдерді колониялар әкім­ші­лік­терінің бағынысынан шы­ға­ру, сотталғандарды бөлу мен ауыстыруды автоматтандыру, бей­небақылау және шағым бе­руге арналған терминалдар орнату сияқты жұмыстар жүргізілуі тиіс.

Бірқатар іс-шара Бас проку­ра­тураның қатысуымен әзір­ленген ішкі істер органдары мен қылмыстық-атқару жүйе­сін реформалау жөніндегі жол кар­таларынан тұрады. Ал про­курорлық тексерулер, құ­қық қор­ғаушылардың есеп­­тері, сот­тал­ғандардың шағым­­дары коло­нияларда азаптау­­лар­­дың әлі күнге дейін болаты­нын көр­сетеді. Өңір­лерде про­ку­­рор­лар осы бағ­­дарламалық құжаттардың сапасы мен іске асы­рылу мер­зім­дері­не тұрақты қадағалауды қамта­масыз ете- ді.

 Сонымен қатар Бас прокурор сотталғандарға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық фактілері бойынша қатаң шаралар қабыл­дауды, кінәлілердің, соның ішінде Алматы облысының коло­ния­сындағы азаптауға қатысы бар барлық кінәлілердің жазадан құтылмауларына қол жеткізуді тапсырды. Бүгінгі таңда прокурорлар осындай фактілер бойынша 23 қылмыстық істі сотқа жолдады.

Үйлестіру кеңесінің қоры­тын­дысы бойынша қылмыстық жазалардың орындалу заңды­лы­ғын қадағалаудың тиімділігін арттыру мақсатында Алматы және Шығыс Қазақстан облыс­тарында екі мамандандырылған прокуратура құру туралы ше­шім қабылданды, онда колония­ларда ел бойынша барлық соттал­ғандардың шамамен 30%-ы ұста­лады, деп хабарлады Бас проку­ратураның баспасөз қызметі.