• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Тамыз, 2019

Тянь-Шань тауында жоғалып кеткен альпинистерді іздеу тоқтатылды

240 рет
көрсетілді

Қазақстандық құтқарушылар Жеңіс шыңына 14 рет ұшып, альпинистерді таба алмаған.

ҚР Қорғаныс министрілігі жоғалып кеткен альпинистерді іздеу тоқтатылғанын мәлімдеді. Өйткені, Қазақстандық құтқарушылар Жеңіс шыңына 14 рет ұшып, альпинистерді таба алмаған. Бұл деректі Алматы телеарнасының сайты жариялады.

Ал жаяу іздеу операциясын жасау қар көшкініне байланысты мүмкін емес екен.  

«Іздеу жұмыстары 5100 - 6000 метр биіктікте жүргізілді.  Бөктерге максималды жақындау 70 метрді құрады. Шолу мен тепловизор арқылы іздеу нәтиже бермеген. Тірі адамдардың да, жансыз мәйіттер де табылмады. Жаяу іздеу операциясын жүрізу мүмкін емес, өйткені қар көшкіні қаупі жоғары»,  деді іздеу-құтқару операциясының жетекшісі Василий Пивцов.

Айта кетейік, алматылық альпинистер Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және Александр Чечулин Жеңіс шыңын бағындыруға кеткен еді. Алайда олар 6600 метр биіктіктен түсе алмай, байланыссыз қалған көрінеді.

16 тамызда олар соңғы рет байланысқа шығып, Александр Чечулиннің көз жұмғанын айтты. Марқұмның денесі 6900 метр биіктікте қалды. Андрей мен Мұрат төменге түсуін жалғастырды. Ауа райын ескергенде аталған бағыт бойынша олар тау етегіне кемінде төрт күннің ішінде жетуі тиіс болған.

18 тамызда Жеңіс шыңына тікұшақ ұшып, альпинистердің іздерін таба алмай қайтты.

19 тамызда ТЖМ құтқарушылары мінген тікұшақ келді.

20 тамызда альпинистер Василий Пивцов пен Мақсұт Жұмаев бастаған әскери борт іздеуге шығып, ештеңе таппады.

21 тамызда ауа райының нашарлығынан тікұшақ көтерілмеді.

 

 

АЛМАТЫ