Халықтың қоғамдық денсаулығын радиациялық факторлардан қорғау мақсатында Ұлттық сараптама орталығының радиологиялық зертханалары күн сайын қоршаған ортадағы гамма сәулелену дозасының қуаттылығына мониторинг жүргізеді. Бұл туралы ДСМ ҰСО Баспасөз-қызметі хабарлады.
Мәселен, 2019 жылғы 22 тамыздағы деректерге сәйкес қоршаған ортадағы радиациялық фон тұрақты болып табылады, табиғи гамма фонның артуы, сондай-ақ атмосфералық ауа мен жауын-шашын сынамаларында радиоактивті ластану тіркелмеген, гамма-сәулелену дозасының қуат деңгейі сағатына 0,05-0,19 микрозиверт (мкЗв/сағ) шегінде. Иондаушы сәулелену нормасы - 0,30 мкЗв/сағ.
Атмосфераның жерге жақын қабатының радиоактивті ластануына мониторинг жиынтық бета-белсенділікті анықтауға ауа сынамаларын іріктеу, тұнбаларды және сүзгілерге шөгетін шаңды жинау, сондай-ақ гамма-сәулесінің экспозициялық дозасының қуатын өлшеу арқылы жүргізіледі.
Аталмыш мониторинг Ұлттық сараптама орталығының маңызы бар қалаларда,14 облыстық, 25 қалалық, 157 аудандық бөлімшелерінде жүзеге асырылады.
22.08.2019 ж. ҚР аумағының гамма-фонының мониторингі
Филиалдардың атауы
Гамма сәуле дозасының қуаты
Ақмола облысы
0.10-0.19 мкЗв/сағ
Ақтөбе облысы
0.08-0.14 мкЗв/ сағ
Алматы облысы
0.13-0.14 мкЗв/ сағ
Атырау облысы
0.03-0.05 мкЗв/ сағ
Шығыс Қазақстан облысы
0.13-0.14 мкЗв/ сағ
Жамбыл облысы
0.12-0.14 мкЗв/ сағ
Батыс Қазақстан облысы
0.07-0.12 мкЗв/ сағ
Қарағанды облысы
0.11-0.13 мкЗв/ сағ
Қостанай облысы
0.07-0.09 мкЗв/ сағ
Қызылорда облысы
0.08-0.17 мкЗв/ сағ
Маңғыстау облысы
0.06-0.08 мкЗв/ сағ
Павлодар облысы
0.05-0.17 мкЗв/ сағ
Солтүстік Қазақстан облысы
0.10-0.10 мкЗв/ сағ
Түркістан облысы
0.12-0.12 мкЗв/ сағ
Шымкент қ.
0.12-0.12 мкЗв/ сағ
Алматы қ.
0.14-0.14 мкЗв/ сағ
Нұр-Сұлтан қ.
0.8-0.16 мкЗв/ сағ