• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Ақпан, 2013

Әуе қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздік

520 рет
көрсетілді

Әуе қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздік

Сейсенбі, 5 ақпан 2013 7:20

Ойпатты жердің тұманы ойландырады

Көкшетау – Алматы бағытындағы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырап, адамдардың қаза табуы қабырға қайыстырар қайғы болып, баршаны қинап отыр. Апат айтып келмейді, өмір бар жерде өлім бар десек те, қайталанған оқиға ойландыруға тиіс. Осындай жайлардан алар сабақтың бірі  әуежайлардың хал-күйі, орналасқан мекені болса керек.

Сейсенбі, 5 ақпан 2013 7:20

Ойпатты жердің тұманы ойландырады

Көкшетау – Алматы бағытындағы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырап, адамдардың қаза табуы қабырға қайыстырар қайғы болып, баршаны қинап отыр. Апат айтып келмейді, өмір бар жерде өлім бар десек те, қайталанған оқиға ойландыруға тиіс. Осындай жайлардан алар сабақтың бірі  әуежайлардың хал-күйі, орналасқан мекені болса керек. Редакциямызға осы күндерде қатар келген екі пікірдің де иелері негізінен бір ойды ортаға салады – Алматы әуежайын қаладан алыс­тау, тұман торламайтын тұсқа, Қапшағай маңайынан салу жөніндегі кезінде көтеріліп, қаржы қиындығына байланысты жүзеге аспаған ұсынысты қайтадан қараудың көкейге қонымдылығын айтады. Үкімет деңгейінде ғана шешім табуы мүмкін мемлекеттік мәселеге тиісті орындар назар салады деп сенеміз.

Соңғы кезде елімізде болған әуе апаттары бәрімізге ой салатыны анық. Бұл біздің ұлттық қауіпсіздігімізді нығайта түсіп, әуе қатынасындағы жауапкершілік талапқа баса назар аудартады.Мен өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында болған ұшақ апатын басымнан өткерген жанмын. Сол кезде де біз мінген әуе көлігі Алматы маңында, тұманды ауа райының салдарынан апатқа ұшырады деп хабарланған еді. Міне, осындай жайттардан кейін кісіге ой келеді. Негізі Алматы қаласы ойпатты жерге орналасқан. Ойпатты жерден тұман арылмайды. Бір кездері осындай себептерге байланысты Алматы әуежайын басқа жерге көшіріп, Қапшағай маңынан жаңа әуежай салу мәселесі көтерілген еді. Және ол жерде тұман болмайтындығы да дәлелденген-ді. Сол әңгіме қаржыға келіп тірелгеннен кейін ұмыт болып қалды. Меніңше, Алматы әуежайын Қапшағай маңына көшіру мәселесі орынды қозғалып, ол бүгінде уақыттың өзі талап етіп отырған қажеттілікке айналғанын мойындауымыз керек.Халықаралық талаптарға сүйенер болсақ, әуежайлар қала аумағынан алшақ жерде орналасуы керек. Алматы әуежайы бір кездері қателікпен салынған нысан еді, енді сол қателікті түзетер кез келді. Қазіргі әуежайдың тұрған жері – Алатаудың баурайы, алып қаланың ықтасыны. Мұндай жерде тұман сейілмейді. Оның үстіне әуежай маңында аумағы үлкен екі бірдей қоқыс алаңы бар. Ол дегеніңіз, түрлі құстар көп қонақтайтын жер деген сөз. Бүгін тұманның себебінен болған әуе апатынан көз жұмған боздақтарымызды аза тұтып отырмыз, ертең құстардың кесірінен халық тағы да қайғы жұтуы керек пе?!Дамыған елдермен иық тіресе алатындай сапалы әуежай соғу қолымыздан келеді және оны біздің бүгінгі экономикалық жетістіктерге жеткен жағдайымыз да көтереді. Мұны бір деңіз. Екіншіден, біз бір билікке бағынған біртұтас елміз, сондықтан да ұлттық қауіпсіздік болып табылатын әуе қатынасы да бір қолға бағынуы тиіс, ол – мемлекет болуы керек! Бізде әуе қатынасын бірнеше компания атқаратынын, ауа райына қатысты ұшу рейстері тоқтатылған кезде кейбір компаниялардың ұшақтары қаржы табу үшін тәуекелге барып, аспанға көтеріліп жататыны туралы теледидардан халық қалаулылары да айтып жатыр. Тағы да бір мәселе, сол әуе компаниялары қаржы үнемдеп ескі ұшақтар сатып әкеледі, соны тыю керек. Мемлекеттік тұрғыдан қатаң талап қойып, ескі ұшақтарды пайдалануға жол бермеген жөн. Өйткені, адам өмірінен ештеңе қымбат емес.Алматы әуежайы тұманға байланысты кешегі ұшақтың қонуына рұқсат бермеді дейді. Неге ол облыс орталығы Талдықорғанға барып қонбаған? Неге мынау тұрған Бішкек әуежайына бұрылмайды? Талдықорған мен Бішкектен жолаушыларды Алматыға жеткізуді шығынға санап, адам өміріне жауапты екендіктерін ескермегендігі қалай?! Бұл жерде жеке меншік компания­лар ұшақтарына жағармайды өлшеп беретіндігі тағы да ойға орала береді. Қаржыны ойлап, шығыннан қашып, адам өміріне атүсті қарайтын компанияларды жауапты қызмет орындары қатаң қадағалауға алуы тиіс деп есептеймін.Халықаралық ұйымдарға мүше болып отырған елімізге шетелдік қонақтар күнде келіп жатыр, бұйыртса ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткіземіз, оның сыртында елімізді, жерімізді көруге ағылып келіп жатқан турис­тер де баршылық. Күні ертең шетелдерде Қазақстанның әуе қатынасы туралы жағымсыз пікір қалыптасса, ол әлгіндей жеке меншік компаниялардың емес, еліміздің абыройына нұқсан келмей ме?! Сондықтан да, Алматы әуежайын алып мегаполиске іргелес Қапшағай маңына көшіру уақыт талабы екендігін назарға алып, ұлттық қауіпсіздік мәселесі ретінде тиянақты шешімін табуы тиіс деген ой бар.Сәбит ДОСАНОВ,Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.АЛМАТЫ.

 

Қапшағайдан қосымша әуежай салу керек

Ұшақ апаты жөнінде әртүрлі пі­кірлер айтылып жатыр. Біреулер әуе кемесі компаниясын сынап, «ақ­­ша табудың соңына түсіп, ұшақ­тарының техникалық сапа­сы­на жете көңіл бөлмейді, бензинді үнем­дейді» деп сынап та жатыр. Ол сынның қаншалықты дұ­рыс, бұрысын арнайы құрылған үкі­меттік сарапшы топ анықтай жатар.Мені көп ойландырып, тол­ғандырған жай – Көкшетаудан ұшып шыққан ұшақ Алматы әуе­жайына аман-есен жетті ғой. Техникалық ақауы немесе бензині жетімсіз болса, ол межелі жерге жете алар ма еді? Ал оның қо­нуы­на Алматы әуежайы неге рұқ­сат етпеді? Осы сұрақ мені қат­ты мазалады. Тұманды желеу еткеніміз жөн бе? Тұман бір биыл емес, жылда кездесіп жүрген жоқ па? Екінші сұрақ: Алматы әуежайында тұманды күні, яғни қиын жағдайға байланысты ұшақ қонатындай қосалқы алаңқайдың жоғы қалай?Меніңше, ең үлкен кемшілік – Алматы әуежайының бүгінгі күн талабына жауап бере алмай­тын мүшкіл халіне байланыс­ты. Ана жылдары Қапшағай қа­ласы маңында қосалқы әуежай са­лын­бақшы деген қуанышты хабарды газеттер мен көгілдір экран жұртқа жариялаған еді. Тіпті, орынын да белгілеп, қазығын да қаққан-ды. Кейін қаржының тапшылығынан құрылыс жүргізілмей қалды.Енді, Құдайға шүкір, еңсемізді тіктеп, ес жидық емес пе? Тіпті бө­лінген қаржыны игере алмай жат­қандар да баршылық қой бү­гінде, өкінішке орай. Оның үс­ті­не Алматы күн санап, жыл са­нап өсіп, тұрғын халқының саны миллионнан асып кеткелі қа­шан? Ендеше, алматылықтарға қосал­қы әуежайдың салынуы кезек күттірмейтін маңызды шара деп білемін.Тұманды күні «Алматы әуе­жайы қабылдамай жатыр» деп күтуші залдарда қаншама жолаушылар сарылып отырады. Сөйтіп, олар алтын уақыттарын да, денсаулықтарын да жоғалтады.Біз табиғатқа қарсы шыға алмаймыз, ол мүмкін емес. Тұманды ыдыратып, қалаған жағымызға қарай ығыстыру қолымыздан келмейді. Мұны ұмытпай, қабілет-мүмкіндігімізге қарай әрекет еткеніміз абзал.Мен шетелдің 48 мемлекетінде бол­дым. Сондағы байқағаным, олар­дың көпшілігінде әуежайлар қа­ла­дан 70-80 шақырым шалғайда ор­наласқан. Мысалы, Домодедово Мәскеуден 50 шақырымдай жерде. Жолаушыларды қалаға тасыл­малдайтын көлік мәселесі оң ше­шілген. Ешкім сарылып күтіп, азап шекпейді.Қазір Қапшағай қаласы маңынан заман талабына жауап беретін қосалқы әуежай салуға мемлекетіміздің шамасы жетеді. Ол салынса, өзін-өзі ақтайтыны екібастан белгілі. Бұл экономикамызға да, халқымызға да пайдалы. Өйткені, оның табысымызға табыс, даму қарқынымызға жаңа екпін әкелері сөзсіз. Тағы бір ескерер жағдай, ЭКСПО-2017-нің ашылуы құрметіне өзіміздің қалаларымыздан да, шетелдерден де жанкүйерлер миллиондап келмек. Олардың талайы Астанадан қайтып кетпейтіні, жолы түсіп тұрғанда табиғаты әсем Алматыны тамашалайтыны, Медеуге, Шымбұлаққа, Шарынға барғысы келетіні де белгілі.Олардың көңілдерінің шат, ме­рейлерінің үстем болуын да ой­ла­ғанымыз абзал. Егер алыс­тан кел­ген сыйлы қонақтарға жақсы жағ­дай жасап, құрмет көрсете алсақ, абыройымызға абырой қо­сы­лары, мерейіміздің биік болары сөзсіз. Сондықтан, Қапшағай ма­ңы­нан жаңа әуежайдың салынуын қолға алмай болмайды. Біздің бұл ті­легімізді Үкімет ескеріп, тиіс­ті қорытынды шығарады деген се­німдеміз.Мүслім ДАЙЫРБЕКОВ,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.АЛМАТЫ.