• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Тамыз, 2019

Марин Томасов пен Антонио Рукавина «Астанамен» келісімшарттарын ұзартты

234 рет
көрсетілді

Елорданың «Астана» футбол клубы Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі БАТЭ-ге қарсы қарымта матч алдында негізгі құрамның екі футболшысы Марин Томасов және Антонио Рукавинамен келісімшарт мерзімін ұзартқанын мәлімдеді.

35 жастағы Антонио Рукавина «Астана» футбол клубымен арадағы келісімшартын 2021 жылға дейін ұзартты. Сербиялық қорғаушы елорда командасы сапына 2018 жылғы маусымда қосылған болатын. Ол осы уақыт аралығында 45 ойын өткізіп, 3 нәтижелі пас берген.

Ал хорватиялық Марин Томасов еңбек келісімшартын 2022 жылға дейін ұзартты. Ол «Астана» сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетуде. Марин елорда командасы сапындағы 96 ойында 40 гол соғып, 41 нәтижелі пас берген.