• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Тамыз, 2019

Көктөбеде әлемдік классикалық музыка жауһарлары шырқалды

363 рет
көрсетілді

Ашық аспан астында өткен концерт 2 сағатқа созылды. Бұл туралы «Көктөбе» опера фестивалінің ұйымдастыру комитеті хабарлады. 

Дәстүрлі «Көктөбе» опера фестивалінің биылғы басты қонағы Иван Дефабиани болды. Ол Джузеппе Вердидің «Травиата», «Бал-Маскарад» операсынан ариялар орындады. Сондай-ақ шарада отандық опера әншілері де өнер көрсетті. Концертке әдеттегідей атақты Алан Бөрібаев дирижерлік етті. Дәстүрлі түрде өтетін халықаралық фестиваль Алматы күнін тойлаудың басы дейді ұйымдастырушылар. Биыл концерттің 700 билеті бір мезетте өтіп кеткен.

«Биыл да қала тұрғындары мен қонақтарына өте қызықты бағдарлама дайындадық. Кеште қазақ композиторларының да туындылары шырқалды. Дегенмен, бұл жолы француз әуендеріне ден қойылып отыр. Халық әлемдік сахналарда орындалған шығармаларды тыңдайды. Көктөбе жотасының баурайында, айдың жарығымен классикалық әуен тыңдап, шабыттанып кетуге болатын шара жылда өтеді деп сенеміз», –  деді Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, «Алматы Көк-Төбе опера» халықаралық музыка фестивалінің көркемдік жетекшісі  Асқар БӨРІБАЕВ. Туындылары Третьяков галлереясынан орын алған атақты суретші Молдахмет Кенбаев пен мүсінші Николай Цивчинский 1970 жылы «Қазақстан» дүкені орналасқан үйдің бір қабырғасына қолына алқа ұстаған арудың бейнесін мозаикамен бейнелеп, оны «Сұлушаш» деп атайды. 

Концерттік бағдарлама екі бөлімнен тұрды, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Ә. Бөрібаевтың басқаруындағы Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театры симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Дж. Верди, Дж. Пуччини, Дж. Россини, Ж. Бизе, П. Чайковскийдің шығармалары мен басқа да әлемдік классикалық шығармалар орындалды.

Фестивальдің басты қонағы, Италиядан арнайы шақырылған белгілі опера әншісі Стефано Ла Колла болды. Сондай-ақ ҚР еңбек сіңірген қайраткері А. Трегубенко,Г. Даурбаева, Ж. Баспакова, Б. Жомартов, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Т. Күзембаев, халықаралық конкурстардың лауреаттары О. Давыденко, Н. Наденова,Е. Никонова, З. Алтынбаева, Э. Сакавов, Д. Таласбекова, В. Алпысбаева,К. Омирбеков, Ф. Буриев, Д. Есентаева, А.Сметанин, Х. Нуралиев, Н. Мезина, О.Тамиров, Абай атындағы МАТОБ-тың балет труппасы болды.

 

АЛМАТЫ