Премьер-Министрдің орынбасары Б. Сапарбаев пен елорда әкімі А. Көлгінов жаңа оқу жылында өз есігін айқара ашатын №87 жаңа мектеп-гимназиясына барды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Б. Сапарбаев мектептің оқу жылына дайындығын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Қала әкімі атап өткендей, көптеген мектептерде, олардың ішінде жаңа мектептерде, кіреберістермен проблемалар бар. Мектепке жету үшін ата-аналар мен оқушыларға аулалар мен автокөліктердің тізбегі арқылы жүруге тура келеді. Ғимаратты салу кезінде мектепке 4 кіреберіс жол қарастырылған.
Елордада барлығы 108 мектеп пен 162 мың оқушы бар. 5 жыл ішінде 40 білім беру нысанын салу жоспарлануда. Бұдан басқа 11-ден астам оқу орны шетелдік инвестициялар есебінен салынатын болады, бұл мектептер жалпы алғанда 10 мыңнан астам жаңа оқу орындарын ашуға мүмкіндік береді.