Үндістанның Джайпур қаласында гандболдан 18 жасқа дейінгі қыздар арасында Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстандық спортшылар турнирдің жартылай финалына жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz.
Жартылай финал жолдамасына талас кезінде қазақстандықтар Моңғолияны 48:10 есебімен ойсырата жеңді.
28 тамыз күні қазақстандықтар Корея спортшыларымен кездеседі.