АҚШ Президентінің ұлы кіші Дональд Трамп Моңғолияда қазақ киіз үйіне қонып, демалысын өткізіп қайтты. Алған әсері туралы ол Инстаграм парақшасында жазды. Бұл туралы Қазақпарат тілшісі хабарлады.
«Жігіттер, ұлым Доннимен бірге киіз үйде өткен өмірді де көрдік. Өткен аптада Моңғолияны зерттеуге шыққан едік. Ұзақ шақырымдарды атпен, кейін 4WD-мен басып өттік. Жуық арада әлі де фотоларды саламын. Шынында да, бұл жақ – мен көрген ең көркем жерлердің бірі. Адамдардан жылылық пен мейірімділік есіп тұр. Осынау керемет тәжірибеден кейін әлеуметтік желіге қайтып келген біртүрлі екен», - деді Дональд Трамп.