• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Тамыз, 2019

Дзюдо: Бастапқы бәсекелерде сүрінді

182 рет
көрсетілді

Дзюдодан Жапонияның астанасы – Токиода өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші және үшінші күні қазақстандық балуандар өз жанкүйерлерін қуанта алмады.

Ерлер арасында 66 кило салмақта белдескен Елдос Жұмаханов өзінің тұсаукесер кездесуінде сүрінді. Ол болгариялық Божидар Темелковке есе жіберді. Былтырғы жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ерлан Серікжановтың да бұл жарыста жолы болмады. Қандасымыз бастапқы бәсекеде әзірбайжандық Нижат Шихализадеге есе жіберді. Кеше 73 кило салмақ дәрежесінің жүлделері сарапқа салынды. Татамиге шыққан Жансай Смағұлов алғашқы айналымнан аса алмады. Ол Израильдің өкілі Тохар Бутбульден жеңілді. 

Ертең тағы үш дзюдошымыз жарыс жолына шығады. 81 кило салмақтағы Дидар Хамза алғашқы бәсекесін германиялық Доминик Ресселге қарсы өткізсе, Руслан Мұсаев эстониялық Кристиан Тонистемен айқасады. Әйелдер арасындағы жарыста 63 кило салмақта ел намысын Иоланта Бердібекова қорғайды.