Биыл шет мемлекеттің тіркеу нөмірлерімен 50 мыңға жуық құқықбұзушылық болған. Елімізде Еуразиялық экономикалық одаққа кірген елдердің автокөліктері міндетті түрде уақытша тіркеуден өтуі мүмкін. Мұндай жаңашылдық шетелдік нөмір таққан темір тұлпарлардың жиі жол көлік апатын жасап, жауапкершілікке тартылмай жатқандықтан жасалып отыр. Бұл туралы ақпарат kolesa.kz порталында жарияланды.
Себебі, Қазақстанда Ресей, Армения, Қырғызстан секілді елдердің көлік құралдарының деректер базасы жоқ. Сондықтан, полицейлер заң бұзушылықты дереу анықтауға мүмкіндіктері болмай отыр. Ал заңнамаға сүйенсек, жауапкершілікке тарту мерзімі құқық бұзылған уақыттан бастап екі айды құрайды. Ол уақыт өткен соң жауапкершілікке тарту мүмкін болмайды дейді тәртіп сақшылары. Сондай-ақ, уақытша тіркеу кезінде халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудың қажеті жоқ. Аталған процесс онлайн жүретіндіктен, уақытты үнемдейді. Әзірге заңға түзетулерді қабылдау дүйім елмен ақылдасқан соң қабылданады.
Айта кетейік, Ішкі істер министрлігінің дерегінше, былтыр шет мемлекеттердің тіркеу нөмірлерімен 42 мың құқықбұзушылық, ал жыл басынан бері 50 мыңға жуығы тіркелген.
АЛМАТЫ