Шетелде мамандар даярлау бойынша Республикалық Комиссия отырысының шешімі бойынша 188 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды.
Стипендия иегері атанғандар шетелдік жоғарғы оқу орындарында магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім алады. Сондай ақ, әлемдік ғылыми және өндірістік орталықтарға тағылымдама бойынша да жіберілетін болады.