• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Тамыз, 2019

Қостанайда Nur Otan партиясы жемқорлыққа қарсы күресте күш біріктіреді

153 рет
көрсетілді

Бұл жөнінде «Nur Otan» партиясы ҚОФ саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды. Жиында партия белсенділерін топтастыру, жемқорлықпен күресті күшейту, биліктің барлық деңгейінде партия жауапкершілігін арттыру және ақпараттық саясатты қайта қарау сияқты маңызды мәселелер талқыға салынды. Бүгінде нұротандықтардың Қостанайдағы қатары 66 мыңнан асып, олар 416 бастауыш партия ұйымының басын біріктіріп отыр. Кеңес барысында партиялықтар тұрғындар тарапынан түскен түйткілді мәселелерді шешу жолдарын ұсынып, партия жұмысын жандандыруда өздерінің орамды ойларын ортаға салды.

«Жыл басынан бері қоғамдық қабылдау бөліміне 3539 азамат жүгінді. Өтініштердің жалпы санынан 47,3 пайызы оң шешімін тапты, қалған 52,7 пайыз өтініштер бойынша кеңестік көмек көрсетілді. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғаса бермек» деді Nur Otan партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Жаңабай Бисембаев. Сондай-ақ, Nur Otan партиясының саяси кеңесінде алғашқы жартыжылдықта атқарылған жұмыстар айтылды. Бұл депутаттық фракцияның қызметі, жемқорлықтың алдын-алу шаралары, партиялық бақылау мен комиссия отырыстарының қорытындылары болатын.

«Жемқорлықпен күрес ісіне, әсіресе, жастарды тартудың маңызы өте зор. Бұл тұрғыда біздің білім ордамызда ауқымды істер тап айтқанда, «Адалдық алаңы», «Адал ұстаз», «Адал жастар» жобалары атқарылуда. Сыбайлас жемқорлық – қоғам өмірінің бар саласына тамыр жайған індет. Онымен күресуге жастарды да мейлінше тартудамыз» деді Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, ҚМУ ректоры Алма Досжанова.

Мәслихат депутаттарының халықпен кері байланысы одан әрі күшейе түспек. Әлеуметтік желілерде азаматтардың арыз-талаптары мен мәселелерін тындап шешуде жеделділік таныту мақсатында оны жаңа әдіс-тәсіл тұрғысынан ұйымдастыру көзделіп отыр. Облыс әкімі, Nur Otan партиясы ҚОФ төрағасы Архимед Мұхамбетов Елбасы анықтап берген 7 бағыт арқылы партия жұмысын қайта жандандыру аясында жастарға, әсіресе, ауыл жастарына жағдай жасау, ауылдық жерлерден жұмыс орындарын ашу,  көп балалы ана, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, басқа да әлеуметтік топтарға нақты көмек көрсету бойынша жүйелі жұмыс атқару керектігін атап айтты.

«Қазір елімізде жан-жақты жаңғыру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның басты мақсаты – Қазақстанның әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына қосылуын қамтамасыз ету. Осы ретте Nur Otan партиясы Елбасының саяси тірегі ретінде жаңғырудың негізгі қозғаушы күшіне айналуы тиіс» деді Архимед Бегежанұлы.

 

Қостанай