• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
29 Тамыз, 2019

Рангело Янга: Ертең гол соғуға тырысамын

225 рет
көрсетілді

«Астана» футбол клубының шабуылшысы Рангело Янга Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі БАТЭ-ге қарсы қарымта матч алдында баспасөз мәслихатына қатысып, журналистердің сұрғана жауап берді.

– Ертең Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығымыз деп үміттенемін. Десе де, бізді өте ауыр ойын күтіп тұр. Егер қарымта матчта біз гол соғатын болсақ, топтық кезеңге өтуге толық мүмкіндік бар.

– Елордада өткен ойын есебі ертеңгі матчқа кері әсерін тигізбей ме?

– Иә, біз өз алаңымызда өте тамаша ойын көрсетіп, 3:0 есебімен жеңіске жеттік. Әйткенімен, бұл есеп бізді келесі кезеңге алып шығады дей алмаймын. Сондықтан ертеңгі ойында барымызды салуымыз керек. Өздеріңіз білетіндей Еуродода ойыдарында оңай қарсылас болмайды. Алғашқы ойынның есебін ұмытып, қарымта матчқа барынша жауапкершілікпен қарауымыз керек.

– Ертең негізгі құрамда алаңға шықсаңыз гол соғуға тырысасыз ба?

– Әрине, ертең бас бапкер бірінші минуттан бастап маған сенім артса, гол соғуға тырысамын. Бірақ ертеңгі ойында менің гол соққанымнан бұрын команданың жеңісі маңызды.